9.Су объектілерін қорғау шаралары. Су объектілерін қорғау-су объектілерін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар жүйесі. Су объектілерінің меншік иелері су объектілерін қорғау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды жүзеге асыруға міндетті.
Су объектілерін қорғау: оларды пайдаланудың кез келген түрін жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға су объектілерін қорғау жөнінде жалпы талаптар қою; шаруашылық қызметтің жекелеген түрлеріне арнайы талаптар қою; жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық қауіпсіз технологияларды енгізе отырып, су қорғау іс-шараларын жетілдіру және қолдану; су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жолымен жүзеге асырылады; су объектілерін пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргізу; су объектілерін қорғау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.
Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су объектілерін сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген құбылыстардың зардаптарын жою жөніндегі орнықты даму принципімен үйлесімді шараларды қабылдайды.
Су объектілерін ластанудан қорғау мақсатында тыйым салынады:
- су объектілерінің су ағызу алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдану. Су бұру алаңы мен су объектілерін санитариялық қорғау аймағы бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі;
- радиоактивті және уытты заттарды су объектілеріне төгуге және көмуге;
- тазарту құрылыстары жоқ және тиімді тазарту нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілмеген Өнеркәсіптік, тағамдық объектілердің сарқынды суларын су объектілеріне ағызып жіберу;
- су объектілерінде радиоактивті және уытты заттардың бөлінуімен қатар жүретін ядролық және өзге де технологиялар түрлері пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргізу.
Су объектілерін қоқыстанудан қорғау.
Су объектілерінің қоқыстануы деп оларға қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа қалдықтардың, сондай-ақ қалқыма бөлшектердің түсуі танылады, соның нәтижесінде су объектісінің гидрологиялық жай-күйі нашарлайды және су пайдалану қиындайды.
Су объектілерін сарқылудан қорғау.
Су объектілерінің сарқылуы деп ағынның, жер үсті сулары қорының ең аз рұқсат етілген деңгейінің азаюы және жер асты сулары қорының қысқаруы танылады.
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулері.
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау үшін, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленеді.
Санитарлық қорғау аймақтары.
Ауыз сумен жабдықтау, емдік, курорттық және халықтың өзге де сауықтыру мұқтаждары үшін пайдаланылатын Суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары санитариялық қорғау аймақтарын белгілейді.