1. Жаңартылған мазмұндағы математика оқулықтарында мәтінді есептердің қолданбалы аспектілері


Мұғалімнің оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыру



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата02.10.2023
өлшемі278,16 Kb.
#112714
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекц ммок

Мұғалімнің оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыру 
жолдарының бірі 
– сабақ барысында оның тәжірибелік және қолданбалы 


рөлін ашып көрсету. Ол үшін оны жаңа теореманы дәлелдеу немесе есеп 
шығару барысында әрқашан өмірмен байланыстырып отыру пайдалы.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, білім, 
біліктер мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың тәжірибемен 
байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.
Оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық 
білім, білік, дағдылары олардың өндірісте өздігінен білім жетілдіруіне негіз 
болады. Кез келген өндіріс орындарында техниканы, шикізатты, жанар-
жағармай, энергия ресурстарын, азық-түліктерді тиімді пайдаланудың және 
жұмысты тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі туады. Осындай көптеген 
мәселелерді қамтитын күнделікті өмірде қолданбалы есептерді іріктеп алып 
ұсынуға болады 
Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық 
әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды. Ол өмір талабынан, ғылыми – 
техникалық прогресттің дамуынан туындайды. Қолданбалы есептерді түсініп 
шығарудың бір шарты пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Физикалық, 
химиялық немесе географиялық т.т. мазмұнды есептерді шешу барысында, 
атап айтқанда, 6-сыныпта масштабты, пропорцияны өткенде, жол, уақыт, 
жылдамдыққа берілген есептерді шешуде, оқушылар математикалық ұғымдар 
мен заңдылықтарды терең түсініп, сонымен қатар мамандыққа даярлықтың 
негіздерін меңгереді.
ҰБТ-ға дайындауда химияға қатысты,концентрация мен қоспаға 
байланысты есептер көптеп кездеседі. Бұл есептерге тәжірибелік және 
математикалық сипаттағы математикалық әдісті пайдаланады. 
Қолданбалы есептерді шығару оқушылардың басқа пәндерді оқып 
білуіне, еңбек барысында, күнделікті өмірде математиканы қолдана білуге 
қажетті білімдер, іскерліктермен дағдыларды қалыптастыруға септігін 
тигізеді, математикалық олимпиадаларға дайындығын ұштайды. Ең негізгісі 
қолданбалы есептер арқылы білімін тереңдетіліп, кәсіптік бағдар беріліді.
Қорытындылай айтқанда, қолданбалы есептердің маңыздылығы:
-
оқушылардың ойлау, есептеу дағдыларының қалыптастасуында,
ғылыми әрі практикалық көзқарастарының ұштасуында; 
-
оқушының өз білімін практикамен ұштастыруы жүзеге асады;
-
белгілі бір дәрежеде ғылыми тұжырымды пайдалана отырып оның 
математикалық әдісті қолдана отырып, нақты өмірде қолдана білуге үйренеді; 
-
күрделіден жеңілге қарай принципімен білімнің мағынасы ашылады; 
-
шығармашылық, зерттеушілік қабілеті дамиды; 


-
оқушының ұлттық бірыңғай тестілеуге, жоғары оқу орнында білімін 
жалғастыруына жағдай жасайды; 
-
жоғары оқу орны мен мектеп бағдарламасының арасында мазмұн 
сабақтастығы жүзеге асырылады; 
-
қолданбалы есептер арқылы кәсіби бағдар беру жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы.
2. Рахатова Р. Математикадағы қолданбалы есептердің түрлері. - 
//Математика және физика, ғылыми әдістемелік журнал. - 2004ж, №4, 7 бет.
3. Сейітова С. Математиканы оқытуда қолданбалы есептердің маңызы. -
// Математика және физика, ғылыми әдістемелік журнал. - 2005, №3, 9 бет. 5.
4. Байбазаров М.Б. Дифференциалдық және интегралдық есептеулер. – 
Алматы: Білім, 1995 ж. - 113 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет