2 модуль. Білім беру сапасын арттыру мәнмәтініндегі оқыту мазмұны және әдістерін жетілдіру. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында типтік оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына қысқаша шолу жүргізіледі. Оқу мақсаттарын диагностикалық қою. Б.Блумның Таксономиясы. Б.Блум таксономиясы негізінде физикадан дамыту тапсырмаларын жасау әдістері. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін физика курсы бойынша оқу тапсырмалары әзірлеу. Модуль оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ технологиялық тәсіл негізінде физика сабағын жобалау тәсілдеріне бағытталған. Тыңдаушылар орта мектептің физика курсы бойынша келесі тақырыптарын оқыту әдістемесін жетілдіреді: «Көкжиекке бұрышпен лақтырылған дененің қозғалысы»; «Гаусс теоремасы»; «Ленц заңы»; «Кирхгоф ережелері»; «Фуко токтары» «Өзіндік индукция»; «Гюйгенс принципі»; «Энтропия. Карнот Циклі». Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге; адиабаттық үдеріске; Пуассон теңдеуіне; жүгіртпе және тұрақты толқын теңдеуіне; электростатикалық өрістердің суперпозициялық принципіне қолдануға сапалық және есептеу есептерін шешуде педагогикалық шеберлік және әдістемелік тәсіл бойынша педагогтердің құзыреттіліктерін арттыру. Электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу; тербелмелі тізбектің әр түрлі параметрлері үшін электр тербелісі кезіндегі кернеу мен ток күшінің, электр және магниттік энергияның уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу. Екінші модульдің мазмұнын зерделеу барысында физика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі қалыптасады.