1. жалпы мәліметтер оқытушы



бет1/10
Дата13.03.2023
өлшемі1,42 Mb.
#73585
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Оқытушы: Адманова Г.Б. биология ғылымдарының кандидаты, доцент еmail: admanova@mail.ru. ID 9712893866
Оқытушы: Саримбаева Б.Б. аға оқытушы, еmail: sbalzat@mail.ru. ID 4850396403
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курс мазмұны мұғалімнің педагогикалық процестің субъектісі ретінде білім беру жүйесіндегі өзгерістердің белсенді тұлғасы екендігіне сүйене отырып, заманауи инновациялық білім беру үдерістердің негізгі бағыттар мен даму перспективалары туралы, инноватика ғылыми педагогикалық білім саласы ретінде, білім беру әдістерін жетілдіру үшін өзіндік сана, сыни және шығармашылық ойлауды дамытудың әдістері мен тәсілдерін, білім беру теорияларын, тұжырымдамаларын сыни бағалауды қамтиды.
Оқыту мақсаты: "биологияны оқытудағы инновациялық технологиялар" пәнінің басты мақсаты студенттерді жалпы білім беретін мектепте "Биология" оқу пәнін оқыту саласындағы инновациялық педагогикалық қызметке дайындау. Өазіргі заманғы білім берудегі инновациялық технологияларды қолданудың мәні, жобалау әдістері және принциптері туралы тұтас идеяны игерту.
Оқыту нәтижелері: (5-тен кем болмауы тиіс)

  1. Биологияны оқытуда инновациялық технологиялардың вариативтілігінің ауқымы туралы түсініктерді біледі.

  2. Болашақ педагогикалық қызметінде биология бойынша ашылатын тақырыптың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде технологияның көптеген нұсқаларының ішінен неғұрлым тиімді және қолайлысын талдау және таңдау қабілетін қолданады.

  3. Кәсіби инновациялық қызметіндегі психологиялық кедергілерді еңсеріп, білім алушылардың биология пәніне деген қажеттілігін қалыптастырады; олардың практикалық қызметін түсіну үшін ғылымды пайдалану іскерлігінің құрамдас бөліктерін жіктей біледі

  4. Өздерінің және білім алуышаларының инновациялық қызметке дайындығына диагностика жүргізу әдістерін меңгерген, дағдыларын тәжіриебемен ұштастыра біледі..

  5. Білім алушыларды еліндегі және дамыған шет елдердегі білім беру саласындағы инновациялық процестермен таныстырады, биологияны оқытудың инновациялық технологиясының проблемалары мен міндеттерімен таныстыру процесінде этикалық, адамгершілік, патриоттық және азаматтық тәрбиенің мәнін бағалай алады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет