3. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Сіздің қорытынды бағаңыз ағымдық бағалау (60%) және қорытынды бағалаудан тұрады (40%) (Қосымша 1).
Ағымдық бағалау
Cіздер «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптарды, тапсырмаларды көре аласыз. Әрбір модуль бойынша дәрістер, семинарларға белсенді қатысу және тапсырмалар болады. Әр модуль соңында қорытынды тапсырмалар болады. Бағалау нәтижелері «Univer» жүйесіндегі журналға енгіземіз (Модуль бойынша қорытынды тапсырма - семинар/практикалық журналына енгізіледі).
Бағалау компоненті
|
Модуль бойынша балл
|
Бағалау түрі
|
Балл үлесі
|
Ағымдық бағалау
|
1-модуль - 20
2-модуль - 40
3-модуль - 40
4-модуль - 40
5-модуль - 30
6-модуль - 30
|
Сабаққа қатысымы және белсенділік
|
10%
|
Семинарлар тапсырмалары
|
30%
|
БОӨЖ/БӨЖ тапсырмалары
|
30%
|
Модуль бойынша қорытынды тапсырма
|
30%
|
Тапсырмалар сіздерге алдын ала берілген критерийлермен бағаланады. (Қосымша 2)
Дәріс сабақтарына қатысу алдын ала дайындалып келіп, дәріске белсенді қатысуды талап етеді.
Сіздің БОӨЖ/БӨЖ тапсырмалары бойынша жұмысыңыз тақырыпқа сәйкес осы модуль үшін белгіленген балдың белгілі бір үлесі деңгейінде бағаланады. БОӨЖ/БӨЖ бойынша баллдардың үлесін оқытушы тапсырмалардың күрделілігіне қарай дербес айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |