1. жалпы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата04.02.2023
өлшемі0,68 Mb.
#65116
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазіргі қазақ әдебиеті. Силлабус



 


 


1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
Оқытушы: Абдуллина Анар Боранқызы, филология магистрі, e-mail: 
anar.abdullina@rambler.ru
, тел.: +7 777 786 07 99,
конференцияның ID номері: 833 370 1269, Қазақ филологиясы кафедрасы, №309 кабинет. 
 
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курсты оқу барысында қазіргі әдеби процесстің көрнекті өкілдері, ақын-жазушы, қаламгерлер шығармашылығын 
оқыту арқылы студенттердің білімдерін тереңдетуге күш салынады. Рухани-мәдени құндылықтар, ұлттық идея, жаңа көзқарас тұрғысынан 
бағаланып, көркемдік қуаты, парасат-пайымы, ой толғамы ерекше шығармалардың генезисі, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық 
дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық сипатын қалыптастыратын арнайы пән болып табылады. 
Оқыту мақсаты: Қоғамдық әртүрлі мекемелерде қазақ тілі мен әдебиеті траекториялары бойынша жұмыс жасай алатын құзіретті филолог 
мамандар дайындау; толық деңгейлі және сапалы білім беру, еңбек нарығының сұраныстары мен ғылым дамуынан туындаған талаптарға сай маман 
даярлау; Қазіргі әдеби процесс пен ХХІ ғасыр басындағы әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану 
ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.
Оқыту нәтижелері:
1. Бәсекеге қабілетті, білім мен ғылыми-теориялық мәліметті кәсіби деңгейде қолданады, өз саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім 
элементтерін түсіне және көрсете біледі; 
2. Кәсіби негізде өзінің кәсіби бағытын айқындауға саналы түрде дайын, еңбек етуге, қоғамдық ортаға сай өзін саналы дамытуға, ғылыми 
негізде еңбекті ұйымдастыруға қабілетті, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және 
мәселелерді шешеді; 
3. Қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және өзінің кісіби қызметіне 
қолдана алады; 
4. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық құндылықтарымен білім беру мазмұнын интеграциялау принциптерін біледі; 
5. Білім алушылар зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістерін біледі, олардың тілдік құзіреттілігін дамытады, кәсіби шеберлік негіздерін 
қалыптастырады; 
6. Сапалық және сандық әдістерді гуманитарлық бағыттағы зерттеулерде қолданады; 
7. Әдеби сынның терминдерін меңгереді, сыни талдау жасайды; 
8. Ғылыми нәтижеге қол жеткізу үшін теориялық және тәжірибелік әдістерді пайдаланады; 
9. Қазіргі ақпараттық технологиялар мен ақпарат жүйесіндегі базалық білімді игереді, компьютер желілерімен жұмыс істей біледі
бағдарламалық құралдары қолданады, ақпараттар қорын жасайды және интернет ресурстарын пайдалануды білуде базалық білімді 
меңгереді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет