2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығында біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер саны-23.
Деңгейлік курс
|
Тәжірибедегі рефлексия
|
Жаңартылған білім мазмұны
|
Қысқа мерзімді
курстар
|
Тілдік курс
/Үш тілде оқыту/
|
Барлығы
|
1
|
|
14
|
|
|
15
|
Қазіргі уақытта мектепте 70 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен. Пәндер бойынша:
№
|
Пәндер
|
Мұғалімдер саны
|
Курстан өткені
|
Өтпегені
|
1
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
10
|
7
|
3
|
2
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
7
|
6
|
1
|
3
|
Ағылшын тілі
|
7
|
2
|
5
|
4
|
Тарих, құқық
|
6
|
5
|
1
|
5
|
Өзін-өзі тану
|
4
|
4
|
0
|
6
|
Биология
|
5
|
3
|
2
|
7
|
География
|
2
|
1
|
1
|
8
|
Физика
|
4
|
3
|
1
|
9
|
Химия
|
3
|
3
|
0
|
10
|
Математика
|
6
|
4
|
2
|
11
|
Информатика
|
5
|
3
|
2
|
12
|
АӘД
|
1
|
1
|
0
|
13
|
Дене шынықтыру
|
9
|
5
|
4
|
14
|
Музыка
|
1
|
1
|
0
|
15
|
Бейнелеу өнері/көркем еңбек/
|
5
|
5
|
0
|
16
|
Бастауыш сынып
|
21
|
15
|
6
|
17
|
МАД
|
3
|
2
|
1
|
Барлығы:
|
99
|
70
|
29
|
Таңдау пәндерінің, қолданбалы курстардың жүргізілуі
Оқытудың негізгі сатысының міндеттеріне оқушылардың жеке тұлға ретінде тәрбиеленуіне, қалыптасуына, олардың бейімділігінің, қызығушылығы мен қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу жатады. Осы мақсатпен білім мазмұнының міндетті пәндеріне қосымша оқушылардың таңдауы бойынша курстар енгізіледі.
Оқушылар мен ата-аналардың білімдік және мәдени сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жалпы білім беретін оқу орны негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына тізбесіне енбеген әр түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады.
Оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлау үлгілері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған «Негізгі білім беру деңгейінің оқу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары» басшылыққа алынды.
Таңдау, қолданбалы курстар мен үйірмелердің сабақ кестесі құрылып бекітілген. Пән мұғалімдеріне курс сабақтарын сабақ кестесі бойынша жүргізу және бөлінген курстар негізінде әр оқу тоқсанында есеп беру және оқу жылында екі рет мектепішілік ашық іс-шара өткізу міндеттелінген.
Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрете отырып, оларға қолайлы жағдай жасау. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай еліміздің дамыған елдермен қатар тұруы және ұлтымыздың болашағы үшін зерделі, білімді, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамда өз орны болатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Үйірме жұмыстары мен таңдау бойынша курстардың міндеттері негізінен оқушының бойындағы біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштікпен қарым-қатынасты тәрбиелеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылық пен оған деген белсенділікті арттыру, ой-өрістерін дамыту болып табылады.
Ұстаздың міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата-анамен тығыз байланыс орнатып, үйірмеге, таңдау пәніне қатысып жүрген оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт беріп, ақылдасуға болады. Үйірме, таңдау пән сабақтары басқа пәндер сияқты толық дидактикалық кезендерді қамтымай, мұғалім шеберлігіне қарамай негізге үш кезең: кіріспе негізгі және қорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Әсіресе үйірмеге қатысатын оқушыларға таным мен дағдыны қалыптарстыру барысында тек олардың техникаға байланысты сапалық білімдеріне сүйеніп қана қоймай, басқа пәндер бойынша білімдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мысалы металдардың ыстық немесе суық күйіндегі көлемінің өзгеретіндігі, үйкелісі, тозуы, т.б. физика пәніне, аздалған сусындарың құрамын зерттеу химия пәніне қызығушылығын арттырады. Ағаштардың түрлері, олардың өсуі, қасиеттері биология пәнің жетік білуге алып келеді.
Үйірме жұмыстарының тиімді өтуіне көбіне көп материалдық-техникалық база мен мұғалімнің әдіскерлік жағдайдағы сапалы даярлығы өте маңызды. Дайындықсыз өтілетін сабақтарға оқушыңың қызығушылығы бірінші күні-ақ төмендеп кетеді. Оқушылардың өз бетімен бос жүрісі көбейеді. Берілген тапсырма болмағандықтан, олардың түрлі әрекеттермен іс-қимыл көрсеткіштерінің сапасы болмайды. Осыдан жасалатын қорытынды - мұғалімге қойылатын жан-жақты талап.
Жұмысты тиімді ұйымдастыруға ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын өздік күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әрекеттері мен жаттығулары, оқу шеберханасының материалдық-техникалық базасы, оқу көрнекіліктерінің және құралдарының жеткіліктігі т.с.с. жағдайлар кеңінен зерделеніп барып жоспарға енуі тиіс.
Мектеп қабырғасында үйірмеде жинақтаған іс-тәжірибесі келешек өмірінде көп пайдасын тигізе алатындығын оқушы жете түсінгенде ғана өз қабілетін ашып көрсете алады. Қазір кез-келген баланың қолынан ұялы телефон, ноутбук, сандық фотоаппарат сияқты жаңа техниканы игеріп қана қоймай, оны жөндеуге, қалпына келтіруге де тырысады. Бұл баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуды, шығармашылық ізденіс дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыруды қажет етеді. Қабілетті бала барлық күрделі істерді өзі шеше алатын, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жете алады. Ол бос уақытты тиімді пайдалана білетін болады, пайдасыз, жағымсыз әрекеттерден тартынады, өзіне қажет ақпараттарды, құрал-жабдықтарды жинақтай бастайды, соның нәтижесінде аз да болса табыс таба алатындығына сенеді.
Таңдау пәндерін кесте бойынша жүйелі түрде жүргізілетін, оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысатын мына төмендегі мұғалімдері ерекше атап кетуге болады: А.Манжигулова, А.Кибираева, А.Мурзабаев, А.Қасабеков Г.Тажинова, Э.Надирбекова, Б.Қамза, Б.Алимжанова, А.Сатаева. Аталған мұғалімдер таңдау курсы мен үйірме бағдарламасының жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізді.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Қасабеков Асқар «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің мүшелерімен «Мәңгілік ел суретшісі» тақырыбында сайыс өткізді.
Бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі А.Кибираева «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша 9а,ә,б сыныптарымен «Дінсіз тәрбие-тамырсыз көшет» тақырыбында пікірталас-сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар белсенділікпен қатысты, дінге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Манжигулова «Абайтану» курсы бойынша 9-10 сынып оқушыларымен Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру,ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу мақсатында «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тақырыбында дебат-сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, пікірталас ұйымдастырды.
Биология пәнінің мұғалімі Б.Қамза «Экологиялық этика» таңдау курсы бойынша 9а,ә сыныптары арасында «Қызық екен» атты бірнеше кезеңнен тұратын сайыс өткізді.Сайысқа қатысқан оқушылар өздерінің биология пәні бойынша алған білімдерін көрсете білді. Сайыс қызықты өтті.
Педагог-зерттеуші санатындағы химия пәні мұғалімі Г.Тажинова «Химия ағылшын тілінде», «Биология пәнін ағылшынша оқыту» курстары негізінде 8б, 10ә сыныптары арасында «Миллион кімге бұйырады?» атты сайыс ұйымдастырды. Сайыста оқушылар өздерінің үш тілділік бойынша меңгерген деңгейлерін көрсетті.
5-9 сыныптарда таңдау пәндерін жүргізетін информатика пәнінің мұғалімі А.Мурзабаев 5б сынып оқушылары С.Хамзин мен А.Мейірханды Талдықорған қаласындағы НЗМ базасында өткізілген облыстық іріктеу робототехника сайысына дайындап қатыстырды. Нәтижесінде С. Хамзин ІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталса, А.Мейірхан қатысқаны үшін сертификат алды.
Пән мұғалімдерінің таңдау курстары мен үйірме бойынша журнал толтыруын, күнделікті сабақ жоспарларын тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды: журналдың уақытында толтырылмауы (Г.Омарбекова) сабақ жоспарларының жүйелі болмауы (Г.Омарбекова) .
Қазіргі қоғамымызда рухани бай, терең білімді, өнерді бағалап, зерттей білетін, оны әрі қарай жалғастыра білетін, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару -мектептің міндеті екенін айта келе, зерделеу қорытындысы бойынша мына төмендегідей ұсыныстар беріледі:
1.Таңдау пәндері мен үйірме бойынша сабақ жоспарларын жүйелеу / Г.Омарбекова/
2.Журналды уақытында толтыру / Г.Омарбекова/
3.Оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін, шығармашылық ізденіс дағдыларын, ойлау қабілеттерін жан-жақты дамытатын танымдық щараларды жиі ұйымдастыру.
Әдістемелік жұмыс жағдайын бақылау.
Тамыз айында мұғалімдер белсенділігі мен пән бірлестік жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін анықтау мақсатында пән бірлестіктерінің жұмысының ұйымдастырылуына бақылау жасалынды.
2019-2020 оқу жылының пәндер бірлестігі бойынша жоспарын зерделеніп, онкүндік іс- шараның сапалы өтілуі , дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру шаралары, жас мамандарға көмек ұйымдастыру жұмыстарының қамтылуы тексеріліп, қорытындысы № 1 ӘБ отырыстарында қаралды және бекітуге ұсынылды.
Әдістемелік пән бірлестіктерінде жоспар бойынша жұмыстар жүйелі атқарылмайды. Пән бірлестіктерінің тоқсандық есебін МИФ, жаратылыстану ӘБ ғана уақытында өткізді. Пән бірлестіктерінің есепті уақытында өткізе алмау себептерінің бастысы- бірлестік мүшелерінің жеке есептерін жазып өткізбеуінен. Әрбір пән мұғалімі өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда өздігінен білімін жетілдіруде жауапкершілігін күшейтуі қажет. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінен Д.Батыршаева, З.Сауранбаева, Г.Қажымуханова, А.Кибираева сараптама, талдау жұмыстары жүйелі жасалынады. Шет тілі, «Өнер», дене шынықтыру ӘБ сараптама, талдау жұмыстарында жүйелілік сақталмайды, атқарылған жұмыстарға жан-жақты сараптау жасалмайды.
Мұғалімдер белсенділігі мен пән бірлестік жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін анықтау мақсатында пән онкүндіктеріндегі іс- шараның сапалы өтуіне қадағалау жүргізілді.
Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арналып ««Тіл – таусылмайтын бұлағым » атты апталық өтті. Апталық барысында 5-8 сыныптар арасында «Мен елімді жырлаймын»атты мәнерлеп оқу сайысы , 9-11 сыныптар арасында «Тілді сүю – тал бесіктен» әдеби кеш , орыс сыныптары арасында «Тілі басқа – тілегі бір , жүзі басқа – жүрегі бір» сайыстар өткізілді. Апталықтың жабылу салтанаты кезінде іс-шараға қатысқан сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақтың Ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оқушылар мен мұғалімдер арасында челлендж ұйымдастырылды. Сонымен қатар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу , «Абай әлеміне саяхат»(Манжигулова А.Т.) , «Жүрегімнің түбіне терең бойла »(Көсенбаева З.А.) атты әдеби кештер өткізілді.
ПӘНДІК ОНКҮНДІКТЕР КЕСТЕСІ
2019-2020 оқу жылы
Мақсаты: Оқушыларды танымдық-шығармашылық ойлау әрекетін қалыптастыру жолындағы оқу-тәрбие үдерісін сапалы ұйымдастыру
№
|
пәндер
|
мерзімі
|
жауапты
|
1
|
Математика, информатика,физика
|
қазан
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
2
|
Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі
|
қараша
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
3
|
Қоғамтану, тарих
|
желтоқсан
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
4
|
Бастауыш сыныптар
|
қаңтар
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
5
|
Өзін-өзі тану пәні
|
ақпан
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
6
|
Химия, биология және география
|
ақпан
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
7
|
Технология, бейнелеу өнері және музыка
|
наурыз
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
8
|
Қазақ тілі және әдебиеті
|
сәуір
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
9
|
Дене шынықтыру, АӘД
|
сәуір
|
ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері
|
Достарыңызбен бөлісу: |