07.10 - 22.10 аралығында МИФ ӘБ онкүндігі іс-шаралары бойынша мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Математика, информатика, физика пән бірлестігінің онкүндікте өтетін іс – шаралар жоспары құрылды. Онкүндік «Математика – ой қызметі үшін бесаспап құрал» деген тақырыпта математика, информатика және физика пәндері бойынша өткізілді. Онкүндік өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы дерлік қамтылды және уақытымен өткізілді. Сыныптан тыс шараларда ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылды
Жоспар бойынша ашық сабақтар, сонымен қатар сыныптан тыс іс – шаралар өтті. Атап айтқанда «Арифметика здоровья» 5 сыныпта Топатаева О., «Знатоки математики» 6 сыныпта Фазылова Т.М., «Ғажайып математика» 6 сыныптар арасында Ж. Бейсбаева , «Физмат әлеміне саяхат» 9-10 сыныптарда физика пәнінен. «Үздік математик» 6-7 сынып оқушылары арасында жарыс Култаева Б, «Әзіл есептер, жұмбақ есептер» 7 сыныптар арасында Батыршаева Д, қорытынды «Математикалық кеш» 9-11 сыныптар аралығында математика пәнінің мұғалімдері өткізді.
Бейсбаева Ж 6 сыныпта «Рационал сандарды сандарды салыстыру» тақырыбында, 8 «б» сыныбында физика пәнінен Топатаева Г «Булану» тақырыбында, Топатаева О 6 «в» сыныбында «Сравнение рациональных чисел» тақырыбында, Батыршаева Д 6 «а» сыныбында «Таңбалары бірдей сандарды қосу» тақырыбында, Култаева Б 9 «ә» сыныбында «Векторлар» тақырыбына, Фазылова Т 11 «б» сыныбында «Пирамида» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Физика пәнінің мұғалімі Омарбекова Г, информатика пәнінің мұғалімдері ашық сабақ, сыныптан тыс іс шара өткізбеді.
11-22 қараша аралығын қамтыған «Шет тілдер» бірлестігінің онкүндігі болып өтті.
Онкүндіктің ашылу рәсімі ұстаздар мен оқушыларды қатыстыра іс-шаралармен таныстыру салтанатты түрде ашылды.
Екінші күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері З.А. Войцеховская мен В.К. Токсамбаева ұйымдастыруымен өткізілген 6 б сыныбында «Знатоки русского языка » КВН сайысына жалғасты.
15.11 күні ағылшын пән мұғалімдері: Мыркасымова А.Е., Курагулова К.Ү., Сержанқызы А., Жылқайдарова А.А. ұйымдастыруымен өткізілген 5-6 сыныптар арасында «Thanksgiving day»
тақырыбында сайыс өтті. Бұл сайыста оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Ашық сабақтар легін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Войцеховская З.А. 6в сыныбында Н.В. Гоголь«Ночь перед Рождеством» сабағын бастады. Қазіргі заман талабының талаптарын түгел қамтыған СТО,«Жигсо» әдісі, топтық жұмыстар, АКТ-ны қолдану, саралау, бағалау т.б қолданылған бұл ашық сабақ өзінің жоғары бағасын алды.
Сонымен қатар 8ә сыныбына «Мир созданный трудом»тақырыбында орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Токсамбаева В.К.-да өз сабағын көрсете білді .
Орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Курагулова А.К . 7а сыныбында «Что такое ЗОЖ ?» тақырыбында сабақ өткізді .
Осыдан кейін шеберліктері мен әдістері бірінен-бірі асқан ашық сабақтар өтіп жатты. Атап айтқанда, ағылшын пәні мұғалімі Мыркасымова А.Т.жүргізген 6 Ә сыныбындағы «Рresent Continuous настоящее время» тақырыбындағы сабақтан оқушылардың бұл тілге деген қызығушылықтарын, интербелсенді әрекеттерін байқасақ , орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жатебаева А.Е 9ә сыныбында өткізген А.Байтурсынов «Великий сын казахского народа » сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып өз шеберлігін көрсете білді
Пән мұғалімі Момынкулова Л.Б 7 ә сыныбында «Кавказский пленник» тақырыбында ашық сабақ арқылы оқушылар бойындағы елжандылық, адамгершілік қасиеттерді ояттыі.
Кешегі бастауыштан келген 5а сыныбы орта буынға қалыптасу бейімін пән мұғалімі Т.Б. Байшымырова өткізген «Много у меня друзей» сабағында көрсете алды. Олардың сабақ барысында өздерін ұстауы, сабаққа жауап беру тәртібі бәрі өз орнымен жүріп жатты. Сабақ жоспарындағы сұрақтар бойынша, өзіндік жұмыстар т.б бір-бірімен байланысты кезеңдер оқушыны жалықтырмайды,қайта тіл білімінің қызықты құпиясына жетелейді.
Сержанқызы А - біздің қатарымызға биыл қосылған жас маман. «Жас келсе іске» демекші, жаңалыққа жаны құмар жас маман онкүндік барысында өткізген сабағында оқытудың заманауи белсенді әдістерін өте тиімді қолданды.
03-13 желтоқсан аралығында қоғамтану пән бірлестігінде «Тарих өткенге-сабақ, келешекке - өнеге» тақырыбында онкүндік өтті. 03-13.12.19 аралығында « Қазақстан –менің отаным» тақырыбында қабырға газеттерінің байқауы ұйымдастырылды.
«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында 7-8 сыныптары арасында сайыс сабақ өтіліп, оқушылар ұлы даланың жеті қыры туралы мағлұматтарын, білімдерін шыңдады.
«Байтақ –жер, баянды орда, баянды ел», Елорда – Астана қаласы тақырыптарында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Октябров Ө. «IХ-ХІІІ ғасыр басындағы ғылым мен әдебиет» тақырыбында 6 «А» сыныбында ашық сабақ өтілді, сабақта АКТ-ны , жаңа әдіс -тәсілдер қолданып сабақта оқушылардың қызығушылықтары артты.
«1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбында 8 «Б» ашық сабақ өтілді, сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды , оқушылар рөлдік ойындар ойнау арқылы сабақтың мақсатына қол жеткізді. Пән мұғалімі: Б.Абденбаев.
«Алаш партиясының құрылуы» тақырыбында 11 «Ә» ашық сабақ өтілді. Сабақта оқушылар өте белсенді қатысып, интернет желісін пайдалану арқылы «Kаhot» әдіс –тәсілі 11 сыныптар үшін тақырыпты қайталауға өте тиімді болды. Пән мұғалімі:А.Алин.
«К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында 7 «А» сыныбында ашық сабақ өтті, сабақта АКТ, жаңа әдіс тәсілдер қолданылды, оқушылар К.Қасымұлын ұлы тұлға ретінде өздері құрған сценарий бойынша, қойылымдарын көрсетті, еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып, айқын көрсетті. Пән мұғалімі:А.Кибираева.
«Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» тақырыбында 11 –сыныптар арасында дебат сайыс-сабақ, 10-сыныптар «Қазына аралы» тарихи – танымдық ойыны өтті.
«Тәуелсіз Қазақстан- дара жолдары» 5-6 сыныптар арасында тарихи кеш өткізілді.
13 –желтоқсан күні жабылу салтанаты өтіп, оқушылар марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |