1. Жарнама, атқаратын қызметтерi, түрлерi Жарнама әрекетiн жүргiзудiң негiзгi сатылары


Жарнамалық жариялаудың құрылымы AIDA



бет3/5
Дата02.04.2022
өлшемі288,4 Kb.
#29654
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 апта Маркетинг

Жарнамалық жариялаудың құрылымы AIDA (Attention - назар, Interest - қызығу, Desire - ықылас, Action - әрекет) талаптарына сәйкес болуы қажет.

Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне байла-нысты. Көрсету әдістері: тауардың ұтымды жақтары мен клиенттердің пікірлерін игеру, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерін анық және дәлелді көрсету, нақты жағдайда тауарды қолдану тәсілдерін көрсету, тұтынушының көңілін көтеру үшін әзіл-сықақ т.б. жағдай жасау.

Жарнамалық жариялаудың бет-бейнесі көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазбаша түрде жеткізуі керек. Жарнамада бес түрлі атқарымдық бет-бейнесін айыруға болады: ресми іскерлік, ғылыми түрде кәсібилік, жариялымдық, әдеби тілмен сөйлеу, дөрекі тілмен сөйлеу.

Жарнамалық жариялауды дайындаумен қатар жарнама тарату құралдарын таңдау мәселелерi шешiлуi тиiс. Жарнама тарату құралдарын таңдау кезiнде мына сұрақтарға жауап iздеу қажет:

Кiмнiң қажетiн қамту қажет?

Тұтынушылар қай жерде орналасқан?

Қашан және қай кезде жарнама берiлуi қажет?

Жарнама тарату құралдарын таңдауға мынадай факторлар әсер етедi:

- жарнаманың мақсаты;

- жарнамалайтын тауардың ерекшелiктерi;

- нарықтың керектi қамту көлемi;

- жарнама тарату арнасының мақсатты аудиториясының сипатына сәйкестiгi;

- бәсекелестердiң жарнамалық әрекеттерi;

- керектi құралдардың қолда бары;

- жарнаманың нарқы.

Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейiн жарнамаға қажет қаржы көле-мi есептеледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет