2. Жарнама әрекетiн жүргiзудiң негiзгi сатылары
Маркетинг жүйесiндегi жарнама қызметi бiрқатар сатыларға бөлiнген процес ретiнде сипатталады.
сурет - Жарнама қызметiн жүргiзудегi қызмет сатылары
Жарнама мақсаттары кәсіпорын қабылданған жалпы маркетинг және ком-муникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екі үлкен топқа бөлуге болады:
- тауарды өткізу саласына байланысты мақсаттар - сату көлемін молайтуға жә-не тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады.
- коммуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды хабарлау-ға, кәсіпорынның бейнесін қалыптастыруға, тұтыну әдетін ыңғайлы өзгертуге бағытталады.
Жарнама мақсаты негізінде жарнамалық жариялау шешімдерін қабылдау тәсілдері анықталады.
Жарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:
1) Жарнамалық жариялаудың құрылымын;
2) Жарнамалық жариялаудың түрін;
3) Жарнамалық жариялаудың бет-бейнесін.
Достарыңызбен бөлісу: |