19.Арнайы органоидтар (кірпікшелер мен талшықтар). Органоидтар атқаратын қызметіне байланысты арнайы және жалпы қызмет атқаратын органоидтар болып екіге бөлінеді.Жалпы қызмет атқаратын органоидтар барлық жасушаларға тән болса,арнайы органоидтарға белгілі бір типтегі жасушалар ғана тән.Олар:миофибрилдер және эпителий кірпікшелері,талшықтар,ащы ішек бүрлері,эпителий кірпікшелері.Миофибрилдер өзіміз білетіндей жануарларда көптеп тараған.Миожіпшелер бұлшықеттің жиырылып,қозғалысқа келуіне жауап береді.Қарапайымдылар сулы ортада қозғалуға бейім болады.Мысалы:кірпікшелі кебісше денесіндегі жіңішке түк тәрізді өсіндімен қимылдап,шапшаң қозғалады.Олардың денесінде шамамен 10-15мың кірпікше болады.Адамның мұрын қуысындағы кірпікшелерде арнайы қызмет жасайды.Ол мұрын қуысы арқылы келген ауа құрамындағы шаң-тозаңды сүзіп алады.Жалпы,кірпікшелілер қаншалықты көп болса,организмнің қозғалысы да белсенді бола бастайды.Ал,жасыл эвглена талшықтары арқылы қозғалыс жасайды.Оның талшығы жұтқыншақта жіп тәрізді болып орналасады.Тыныс жолдарын астарлап жататын эпителий кірпікшелеріде арнайы қызмет атқаратын органоидтарға жатады.Олардың кірпікшелері эпителиоциттерінде орналасады және тұрақты қозғалысты сақтайды.Ащы ішек бүрлеріне тоқталсақ,олар аш ішектің сілемейлі қабығында ішек сөлін бөлетін,түтік тәрізді жіңішке өсінділер.Жалпы мөлшері жуық шамамен 4-млн-ға тең және биіктігі 1мм болады.
20.Жасушаның мембраналы оргоноидтары. Жасушаның мембраналы органоидтарына:ЭПТ,Гольджи жиынтығы,лизосомалар,пластидтер және митохондриялар жатады.Олар өздерінің ішінде тағы қос мембраналы және бір мембраналы деп екіге бөлінеді.Қос мембраналы органоидтарға біз:митохондрия,пластидтер мен ядроны жатқызамыз.Ал,ЭПТ және Гольджи жиынтығы,лизосомалар бір мембраналы болады.Эндоплазмалық тор-қабырғасы жарғақшамен қапталған,қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын органоид.Ол ірі мембраналы жүйе болып табылады.Мембранасының қалыңдығы 7нм-ді құрайды.Гольджи аппараты-цистерналардан,көпіршіктері бар түтікшелерден тұратын бір мембраналы органоид.Олар күрделі тор пішінді болады және диктиосомалардан тұрады.Лизосомалар-пішіні дөңгелек,ұсақ және бір қабатты мембраналы органоид.Диаметрі 0,4-0,5мкм.Ол организмге түскен қосылыстар мен жоғары молекулалы бөлшектерді қорытып,қорғаныштық қызмет атқарады.Митохондрия-екі қабатты мембранадан тұратын,жасушаның күш беретін орталығы.Ол барлық ядролы жасушалардың құрамында болып,оны энергиямен қамтамасыз етеді.Ішкі және сыртқы мембранадан тұрады.Ішкі қабаты көптеген кристаларды түзсе,сыртқы қабаты теп-тегіс болып келеді.Олардың ұзындығы 1-7мкм болады.Екінші,қос мембраналы органоид-пластидтер.Пластидтер-тек жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырларға тән органелла.Олар фотосинтез процесіне қатысуға қабілетті.Пластидтердің үш түрі бар:хлоропластар,лейкопластар,хромопластар.Ядро да электрондық микроскоп мәліметтері бойынша екі қабаттан тұрады:ішкі және сыртқы.Олардың әрқайсысының қалыңдығы 7нм-ді құрайды.Мембранасы белоктар мен липидтерден тұрады.Екі мембрана арасында кеңістік болады.Ядроның қабықшасы оның бөлінуі кезінде жойылып,жасуша мембранасының қорын толтырады.