1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Жасушалар мен ұлпаларды зерттеу әдістері



бет2/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
сома

3.Жасушалар мен ұлпаларды зерттеу әдістері
Жасушалар мен ұлпаларға цитологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізу барысында әртүрлі микроскоптар қолданылады.Оның ең негізгі екі түрі бар:жарық сәулелі және электрондық микроскоппен зерттеу.Екеуінің айырмашылығы объектіге түсетін сәуледе.Жарық сәулелі микроскопты қолданғанда объектіге сәулені түсіру үшін сәулелер шоғыры қолданылады.Ал,элетронды микроскопта-электрондар шоғыры қолданылады.Жарық сәулелі микроскоппен зерттеу 2ге бөлінеді:стандартты жарық сәулелі микроскоптау және жарық сәулелі микроскоптаудың арнайы әдістері.Екі әдістеде сәулелер шоғыры микроскоп конденсоры арқылы өтіп,жинақталады және гистологиялық препарат арқылы әрі өтіп,объектив арқылы өтеді.Оның көлемін окулярмен ұлғайтып көре аламыз.Жарық сәулелі микроскоптардың тағы да бірнеше түрлері бар,олар:ультракүлгіндік,люминесценттік,интерференциялық,поляризациялық,фазалы-контрастық,рентгенструктуралық талдау әдістері.Бұл әдістердің әрқайсысы жасуша мен ұлпалардың көлемін,бейнесін нақты көрсетіп,құрылысын анықтауға мүмкіндік береді,ұлғайту мүмкіндіктері жоғары.Жалпы,зерттеуде маңызды рөл атқарады.Электронды микроскоппен зерттеу әдісіне керек электрондар шоғыры қуатты электромагниттер көмегімен шоғырланады.Электрондар шоғыры зерттеу объектісі арқылы өтіп люминесценттік экранға түскеннен кейін ғана онда объект құрылымдары бейнелене бастайды.Жалпы,бұл әдіс жасушалардың және жасуша аралық құрылымдардың ішкі нәзік құрылысын зерттеуге қабілетті.
4.Жарық микроскобының құрылысымен жұмыс істеу ережелері
Жарық микроскобының негізгі бөліктері:механикалық,оптикалық және жарық түсіргіш.Негізгі бөліктердің қүрамына кіретін бөліктеріне тоқталсақ.Механикалық бөлігіне:зат үстелі,тубус,штатив,револьвер,макро және микровинттер жатса.Оптикалық бөлігіне:окуляр мен объективті жатқызамыз.Ал,жарық түсіргіш бөлігіне:айна,конденсор,диафрагма кіреді.Жарық микроскоппен жұмыс істеу ережелері:1)микроскоптың штативін өзіне,ал зат үстелшесін қарсы жаққа қаратып қою;2)микроскопты шам жарығына немесе терезеге қарсы орналастыру,көру аймағына біркелкі жарық түсуін қамтамасыз ету;3)әр қашан микроскоппен зерттеуді кіші ұлғайтқыштан бастауды есте сақтау;4)препараттың жабынды әйнегін жоғары қарата зат үстеліне орналастыру;5)бүйірінен қарай отырып кіші объективті жабынды әйнегінен шамамен 0,5см қашықтықта орныққанын қарау;6)окулярға қарап,препаратты қозғау арқылы объектіні табу;7)объектінің көрінісі пайда болғанға дейін микровинттің көмегімен объективті ақырын жоғары көтеру керек;8)үлкен ұлғайтқышты ауыстыру үшін,объектив орналасқан револьверді бұру;9)объектінің көрінісінің анықтығын түзету;10)зерттеу жұмысын жүргізу,жүргізіп болған соң объективті нейтралды жағдайға келтіріп,микроскопты жапқышпен жабу қажет.Жалпы,осындай ережелерден тұрады.
5.Электрондық микроскопия
Электронды микроскоппен зерттеу барысында объектіні толық көру үшін электрондар шоғыры қолданылады.Электрондар шоғыры электромагниттік линзалар көмегімен шоғырланады.Біз зерттеліп жатқан объектінің құрылымын толық көруіміз үшін осы электрондар шоғыры люмисценттік экранға толық түсуі керек.Электрондық микроскоптың құрылысына тоқталсақ:онда объектив пен окулярдың орнын басатын магниттік катушкалары болады және де,электрондық микроскопта вакуум міндетті түрде болуы қажет.Себебі:электрондар алысқа қозғалып кете алмайды,олар молекулалармен кездессе бөгеліп,бағытын өзгертіп,шашырап кетуі мүмкін.Қазіргі кездегі электрондық микроскоптардың анық көрсету мүмкіндігі 0,1 нм,ал үлкейтіп көрсету мүмкіндігі-1миллион есе.Бұл электрондық микроскоптың бір түрі “трансмиссиондық” деп аталады.Оның көру мүмкіндігін жарық сәулелі микроскоппен салыстырсақ 200 000 есе жоғары болады.Трансмиссиондық микроскоптың көмегімен біз жасушалар мен жасуша аралық заттардың ішкі ортасын,ішкі нәзік құрылысын толықтай көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет