1. Жасуша теориясының ашылу тарихы



бет1/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
сома


1.Жасуша теориясының ашылу тарихы
Жасушаның ашылуы мен оны зерттеуге қатысты барлық жетістіктер микроскоптың пайда болуы мен оның ары қарай дамуына тікелей байланысты болды.Жалпы микроскоптық кезең 1665-1950 жылдар аралығын қамтыды.Бұл кезеңнің басталуы ағылшын ғалымы Роберт Гуктың атымен байланысты.Ол микроскопты жасап қана қоймай,әр түрлі заттарға зерттеулер жүргізген.Роберт Гук 1665 жылы тоз ағашының құрылысын “ұлғайтқыш әйнектің’’ көмегімен қарай отырып,оның жеке ұяшықтардан тұратынын байқаған.Осы ұяшықтарды ол “жасуша’’ деп атаған.Яғни,жасуша терминін ең алғаш қолданған Роберт Гук болды.Ал,көптеген деректерге сүйеніп жасушалық теорияны құрастырған неміс ғалымдары М.Шлейден мен Т.Шванн еді.Олар 1839 жылы барлық жануарлар мен өсімдіктердің ағзасы жасушадан тұратындығын дәлелдеп шыққан.Бұл теорияға сәйкес жануар мен өсімдіктің барлық мүшесі жасушадан тұрады және әрбір жасуша бір-біріне тәуелсіз қызмет атқарады.М.Шлейден мен Т.Шванн барлық жасушалар өлі материяның құрылымсыз затынан пайда болады деген түсінік қалыптастырған.Алайда,бұл қате түсінік болды.Жасушалық теория барлық тірі табиғаттың біркелкі екендігін көрсетеді.Бұл теорияның пайда болуы биологияның жаңа бағытта дамуына әсерін тигізді.
2.Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Қазіргі кездегі жасушалық теорияның негізгі қағидаларына тоқталсақ:біріншіден,жасуша-тіршіліктің ең нәзік әрі элементарлы,функционалды бірлігі.Ол тірі затқа тән барлық қасиеттердің жиынтығынан тұрады.Тірі заттың қалыптасуын қарастырсақ,жайдан күрделіге қарай,жасушадан кіші бөлшек жоқ екенініне көре аламыз.Шыныменде,жасушадан оның жеке молекулалары немесе құрылымдарын бөліп алуға болады.Себебі:олар бұл құрылымдарсызда “тірі” деген атқа сай келетін белгілер мен қасиеттерге ие.Екіншіден,барлық организм жасушаларының құрылысы,атқаратын қызметтері,химиялық құрамдары мен зат алмасуы жағынан ұқсас болады,яғни гомологты,шығу тектері бір.Үшіншіден,жасуша-тірі заттың көбеюінің қарапайым ғана бірлігі.Жасушалардың көбеюі бөліну арқылы жүреді.Әрбір жаңа жасуша алғашқы аналықтың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.Прокариоттық жасушалар әдетте жай екіге бөліну жолымен көбейеді,яғни арнайы қарапайым жақтаушасы арқылы жүзеге асады.Ал,эукариоттық жасушаларда көбею мейоз немесе митоз арқылы жүреді,яғни олар жасушалық бөлінудің арнайы аппаратын түзеді.Тағы айта кетсек,көп жасушалы ағзалар ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген функционалды жүйелерді құрайды.Олар жасушадан және оның туындыларынан тұрады,гуморальді,жүйкелік жүйелермен реттеліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет