1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау



бет18/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

Сонымен, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза тағайындау мынадай арнайы қағидаларға негiзделедi:
1) жазаларды сiңiру қағидасы;
2) жазаларды толық немесе iшiнара қосу қағидасы.
Бұл қағидаларды қолдану критерииi – қылмыстың санаты болып табылады. Осы қағидаларды қолдану негiзiн соттар жаза тағайындау кезінде қолданады.
Алайда, сот тəжiрибесi көрсетiп отырғандай, сiңiру қағидасын соттар көбiнесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесi төмен болған кезде қолданады. Ал орташа ауырлықтағы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың жиынтығында жаза тағайындау мəселесi өзгеше тəртiппен шешiледi.
Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау. ҚР ҚК-нің 60-бабында Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау көзделген, онда:
1.Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге дейiн, жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот соттың соңғы үкiмі бойынша тағайындалған жазаға соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн толық немесе iшiнара қосады.
2.Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жазаны, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаған жағдайда, Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiгiнің осы жаза түрi үшiн көзделген ең жоғары мерзiмнен немесе мөлшерден асыруға болмайды.
3.Үкiмдердiң жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазаны жиырма бес жылдан асыруға болмайды. Егер үкiмдердiң жиынтығына адам жасалғаны үшін қылмыстық кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген ең болмағанда бір аса ауыр қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған үкiм кірсе, онда бас бостандығынан айыру түрiндегi үкiмдер жиынтығы бойынша түпкiлiктi жазаны отыз жылдан асыруға болмайды. Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыружазасы түрінде тағайындалады.
4.Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза жаңадан жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазадан да, соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiнен де артық болуға тиiс.
5.Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде жазалардың қосымша түрлерiн қосу қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жүргiзiледі – делінген.
Осы айтылған заң нормасының мазмұны төмендегідей. Қылмыстық құқық бұзушылық жасап, үкім бойынша жаза алған адамның, тағы да қылмыстық құқық бұзушылық істеуі қоғамға қауіптілігі жоғары. Сондықтан, мұндай қылмыскерлерге қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауға қарағанда, қатаңырақ жаза тағайындау тәртібін белгілеген. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, сот істелген қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығына қарамастан заң талабына сәйкес, бұрынғы үкім бойынша тағайындалған, жазаның өтелмей қалған бөлігін түгелдей я болмаса ішінара қосып белгілейді. ҚК-тің 58-бабында көрсетілген сіңіру ережесі үкімдердің жиынтығы кезінде қолданылмайды.
Бірнеше үкім бойынша жаза өтеу мерзімі, соңғы қылмыстық құқық бұзушылық үшін үкім шығарылған уақыттан бастап есептеледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтау туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 нормативтік Қаулысының 20-24 тармақтарында үкімдердің жиынтығы бойынша жаңа тағайындауда басшылыққа алатын қағидалары көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет