1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Жаңа қазақ әліпбиінің жобаларын «INSERT» әдісі арқылы сипаттаңыз



бет12/29
Дата14.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#93095
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Латын жауаптарымен А

22.Жаңа қазақ әліпбиінің жобаларын «INSERT» әдісі арқылы сипаттаңыз.

Білемін

Түсініксіз

Жаңа ақпарат

Сұрағым бар

Латын графикасы негізінде қазақтың ұлттық әліпбиін жасап,қалыптастырудың пайдасы көп екендігін байқаймыз.Қазақстан 2025 жылы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшеді. Яғни, бірер жылда ана тіліміз бен ұлттық санамызда сілкініс орнататын жүйе іске қосылады. Әрине, бұл жеңіл жүзеге асар дүние емес. Сондықтан да, Елбасы мұны іске асыруға асықпады. Тәуелсіздік алған жиырма алты жылдан кейін ғана әлемде болып жатқан рухани өзгерістерді байыптап, бәсекеге төтеп берудің жолдарын бажайлап, нақты жоспар ұсынып отырғандығын білемін.

Ғалымдардың бір-бірімен келісе алмай жатқаны түсініксіз.Біз кирилл әліпбиінде де ықшамдап жазғанбыз.Латында да солай жазғанымыз дұрыс.Дыбыстар ағылшын әріптеріне ұқсас болып келсе,балаларға қабылдау оңай.

Біз неге латын графикасын бір ғасыр талдадық.Жаңа әліпбиді болжай қарап,жедел қабылдауға болмайды.Сондықтан әлі де тереңірек талдаған дұрыс. Бүгінде әлем халықтарының 1,5-2 миллиардқа жуығы латын әліпбиін пайдаланады. Кириллицаны ұстанатындар саны 300 миллионды құрайды. Егемен қазақ елі ғылымның, IT технологияның төріне, өркениеттің өріне жетелейтін сара жолға түсуі керек. Әлемде озық 30 мемлекеттің 22-сі латын әліпбиін қолданады, ал экономикасы қарыштап дамыған ең мықты 10 мемлекеттің – 7-еуі, әлемдегі ең бай 20 мемлекеттің 18-і латын әліпбиін қолданады. Ал кирилл жазуын әлемнің 12 мемлекеті пайдаланатындығын білдім.Латын графикасына көшу арқылы дамыған мемлекеттермен тереземіз теңесері анық.

Ә.Жүнісбековтың «У» әріпін «W» әріпімен таңбалауымыз керек деген сауал бізді таңқалдырды.Не себепті?
Не үшін?

Қазіргі таңда ғалымдарымыз осы латын графикасымен айналысып жатыр.Сол графиканың қашан дайын болып,қай кезде қолданысқа енетіндігін білгім келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет