1. Жүйе дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата19.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#119140
1   2   3   4   5   6   7   8
3.
 
Ақпаратты беру және сақтау кезеңдері. 
Жалпы ақпараттың төрт негізгі қасиеті бар. Оны: 
1.
Жасауға 
2.
Беруге және қабылдауға 
3.
Сақтауға 
4.
Өңдеуге болады. 
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру және сақтау кезеңдері: 
1)
Деректерді жинау. 
2)
Деректерді өңдеу. 
3)
Деректерді сақтау. 
4)
Деректерді беру. 
5)
Деректерді мұрағаттау және басқару. 
6)
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қол жеткізуді басқару. 
5.
 
Ақпараттық жүйенің құрылымдық схемасы. 
Ақпараттық жүйелердің құрылымы ішкі жүйелер деп аталатын жеке бөліктерді 
құрайды. Жүйенің жалпы құрылымы келесі қосалқы ішкі жүйелерден тұрады: 
ақпараттық, техникалық, математикалық, бағдарламалық, ұйымдастырушылық және 
құқықтық. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымындағы ішкі жүйелердің әрқайсысы 
белгілі бір функцияларды орындайды және жүйенің белгілі бір аспектілерін 
қамтамасыз етеді. 
1)
Ақпараттық қамтамасыз ету 


Ақпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау үшін 
нақты ақпаратты беруден тұрады. Ақпараттық қамтамасыз ету – бұл ішкі жүйе 
ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға және классификация жүйесінің 
жиынтығын, сонымен қатар мәліметтер қорын құруға жауап береді. Мысалы: 
мәліметтер базасы, файлдарды сақтау, ақпараттық ресурстар. 
2)
Техникалық қамтамасыз ету 
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған техникалық 
әдістерінің комплексі. Мұнда жүйенің аппараттық компоненттері қарастырылады. 
Мысалдарға серверлер, компьютерлер, желілік жабдықтар, сенсорлар және деректерді 
жинау құрылғылары жатады. 
3)
Математикалық және программалық қамтамасыз ету 
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің 
есептері, 
сонымен 
қатар 
техникалық 
әдістердің 
комплексін 
бірқалыпты 
функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен 
программалар жиынтығы. Бұл ішкі жүйе деректерді талдау және өңдеу үшін 
математикалық әдістер мен модельдерді қолданады. Мысал: статистикалық әдістер, 
математикалық модельдеу. 
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады: 

басқару процестерін модельдеу әдістері; 

басқарудың типтік есептері; 

математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету 
теориялары және т.б. әдістер. 
4)
Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық 
өнімдер кіреді. 
Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген және ақпаратты 
өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Мысал: 
дерекқорды басқару бағдарламалары, веб-қосымшалар, мазмұнды басқару жүйелері. 
Сонымен қатар контентті басқару жүйелері (CMS): WordPress. Дерекқорды басқару 
жүйесі (ДҚБЖ): MySQL, Microsoft SQL Server. 
5)
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
Бұл ішкі жүйе жүйенің ұйымдық аспектілерін, соның ішінде процестерді, 
саясаттарды және процедураларды басқарады. 
Ол мынадай әрекеттерді орындайды: 

кез келген ұйымның басқару жүйесін талдай отырып, ондағы қолданылатын 
ақпараттық жүйенің іс әрекеттерін анықтау; 

есепті компьютерге шешуге дайындау; ақпараттық жүйені жобалаудың 
техникалық тапсырмасы және оның қоданылу тиімділігінің техникалық-
экономикалық негізделуі жасалады; 



әрекет орындалатын ұйымның құрамы және құрылымына сәйкес басқарушылық 
шешімдерді жасай отырып, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. 
Мысалы: Клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйелері (Customer Relationship 
Management Systems, CRM): клиенттермен өзара әрекеттесу, сатуды басқару және 
тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Мысалдар: Salesforce, HubSpot, 
Zoho CRM. 
6)
Құқықтық қамтамасыз ету 
Құқықтық қамтамасыз ету – мұнда ақпарат пен технологияны қолдануға қатысты 
заңдар, ережелер және саясат сияқты құқықтық аспектілер қарастырылады. Мысал: 
құпиялылық саясаты, деректерді сақтау ережелері, деректерді қорғау заңнамасына 
сәйкестік. 
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады. 
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік 
органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа 
нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет