•
әрекет орындалатын ұйымның құрамы және құрылымына сәйкес басқарушылық
шешімдерді жасай отырып, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.
Мысалы: Клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйелері (Customer Relationship
Management Systems, CRM): клиенттермен өзара әрекеттесу, сатуды басқару және
тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Мысалдар: Salesforce, HubSpot,
Zoho CRM.
6)
Құқықтық қамтамасыз ету
Құқықтық қамтамасыз ету – мұнда ақпарат пен технологияны қолдануға қатысты
заңдар, ережелер және саясат сияқты құқықтық аспектілер қарастырылады. Мысал:
құпиялылық саясаты, деректерді сақтау ережелері, деректерді қорғау заңнамасына
сәйкестік.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік
органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа
нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: