1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


 Асқазандағы асқорыту. Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі



бет135/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

74. Асқазандағы асқорыту. Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі.

Асқазандағы асқорыту.

Қарын, асқазан дегеніміз ішек - қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа немесе кардиалық бөлік деп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді , бұл – қарын күмбезі немесе қарын түбі, қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус ( қақпақша ) деп, ал қарынның қақпақ шаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлікболып саналады. 

Асқазанның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шегі дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын тұйығы, төменгі шетін қарын ойығы дейді. Қарынның пилорустан басқа, бөлігі қарын денесі деп аталады. 

Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы ( кенересі ) жалпы ішек - қарын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі — шырышты, ортаңғы — бірыңғай салалы ет, сыртқы — серозды қабаттан тұрады, Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарың бездері орналасқан ( жәй түтік бездер ). Безде түрлі без клеткалары гландулоциттер ( негізгі , қосымша , айнала қоршалған ) бар. Негізгі гландулоциттер сөл ферменттерін ( пепсиноген ), айнала қоршалған гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша клеткалар шырышты зат — муциншығарады. Осы клеткалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына кіреді. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет