Экстракардиялық реттелу. Күнделікті тірлік тауқыметіне қарай клеткал`ар мен тканьдерге қажет кан мөлшері әрдайым өзге ріп тұрады . Мәселен ,қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне ( аяқ - қолға т . б . ) көп күш түседі, оларға қажет қан мөлшері де арта түседі , осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады, яғни жүрек қызметі күшейеді. Мұны орталық жүйке жүйесі мен қандағы әсері күшті химиялық заттар ( гуморальдық ) реттейді . Жүрек қызметінің орталықтың қатысуымен рефлекс және қан арқылы реттелуі — экстракардиялық , яғни жүректен тыс жолмен реттелу болып саналады .