73. Жүрек әрекетін реттейтін жүректен тыс (экстракардиальды) механизмдер.
Адам орта есеппен 70—80 жыл өмір сүреді . Осы қысқа мерзім ішінде оның жүрегі күні - түні тоқталмастан белгілі бір ырғақпен жиырылып денедегі барлық тканьдерге уақытында және мөлшерде қан жеткізіп тұрады . Қандай да болмасын қанға деген мұқтаждықты жүрек әрдайым қамтамасыз етіп отырады . Жүрек қызметінің осыншама тұрақты әрі сенімді болуы эволюциялық даму барысында әбден кемеліне келген реттеу механизмдерінің пайда болуына байланысты.
Жүрек қызметі бір - бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм арқылы реттеледі, атап айтқанда клетка ішінде (интрацеллюлярлық) жүрек ішінде (интракардиялық) және жүректен тыс (экстракардиялық) реттелу механизмдері өзара үйлесім тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |