Гормондардың физиологиялық әсері .
Соматотропин жәй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі , денеде биосинтезді күшейтеді , барлық органикалық заттардың алмасуына , минералдык алмасуға , әсер етеді , әсіресе белок түзілуін , айталық РНҚ , синтездік қасиетін күшейтеді , амин қышқылдарының қаннан ткань клеткаларына өтуін , сіңуін тездетеді, сөйтіп клеткалар мен тканьдердің өсіп дамуын қамтамасыз етеді . Гормон сондай - ақ , азот тепе - теңдігін өзгертіп , денеде , азот қөбейеді , кальций , фосфат ; натрий тұздарының сақталуына себепкер , бүйрек тканінің өсіп дамуын ; қатаюын тез детеді . Қоллагендер түзілуін де ( коллагенезді ) үдетуі мүмкін . Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз , глюконеогенез процестерін тездетеді . Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза , қант деңгейі жоғарылайды ( гипергликемия ) . Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән . СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета - тотығуын : күшейтеді , қанда кетоденелерді көбейтеді де , бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді , сөйтіп сан еттерінің тонусын , күшін өсіреді . Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес , басқа бездердің гормондары да әсіресе глюкокортикоидтар , тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс .
• СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады , ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін . Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді . Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан : бастың көлемі , аяқ - қолдың , кеуде - көкіректің ұзындық өлшемдері бір - біріне сәйкес болады , жыныс мүшелері өспейді , жыныс белгілері айқын емес , жетілмеген . Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды , көбінесе оның ғұмыры қысқа болады .
• СТГ шектен тыс көп болса , адамның бойы тез өсіп 240—250 см ге , ал салмағы 150 кг - ға дейін жетуі мүмкін . Оны гипофизарлық алып ( гигант ) дейді . Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсекрециясы акромегалия дертіне әкеліп соғады . Адам денесінің өсіңкі , шығыңқы жерлері ( иегі , мұрны , ерні , жағы , маңдай төмпешіктері , бармақтары ) өседі , гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді .
Достарыңызбен бөлісу: |