49.Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық, әрекет потенциалының генерациялауерекшеліктері. Жүректің автоматиясының градиенті.
Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу-жүрек етiнiң негiзгi қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңка еттерiне де тән. Жүрек етiнiң ерекшелiгi - оның автоматиялық қасиетi.
Көлбақаның жүрегін денесiнен бөліп алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзiнiң табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзi жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тканінде туатын қозу процесінебайланысты.
Җылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет болатынын 1895 жылы Лангендорф етке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алынған жүректiң өз (коронарлык) тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегi қысыммен жiберсе, тоқтап калған жүрек кайтадан жиырыла бастайды.
1902 жылы дәрігер А. А. Кулябко (Томск) екпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін қолданды, мұның нәтижесінде тоқтап калған жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етiнеде автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.
Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік теория бар.
Многендiк теория бойынша қозу жүректің ауытқыған (атипті) ет тканьдерінде пайдаболады, яғни жүректiң автоматиялық қасиеті оның ет тканьдерiнiң қозуына байланысты.
Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етiндегi өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендiк теория тұрғысынан дәлелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетедi. Солардың бірі - жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат шiнде жүрек етіндегі нейрондар толык бұзылады,ал миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |