1 жұмыс Судың температурасын және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі32,67 Kb.
#113731
1   2   3   4
1-ші тәсіл


Жұмыс барысы: суды жақсы араластырып ішкі диаметрі 2,5 см тең биік цилиндрге құяды. Цилиндр жылжымайтын қылып қондырып 4 см биіктігінде шрифті қояды. Шрифті судың үстінен қарайды, шрифт көрінбесе зерттелетін суды төгіп тастайды, анық көрінсе үстінен суды тағыда құяды, шрифт оқылғанға дейін суды құйып отырады.
Мөлдірліктін өлшемі болып ақ қағаздағы 3,5 мм биіктігі бар әріптер шрифті оқылатын судың биіктігі табылады (в см). Зерттелетін су сынамасын күн жарығында қарайды. Өлшеуді бірнеше рет қайталайды, соңғы нәтиже ретінде олардың орташа мәнің алады.
2- ші тәсіл

Биіктігі 50-60 см, тіке түбі бар цилиндрді сумен толтырады. Астынан салынған әріптердің үстінен оқылатын су қабатының биіктігін анықтау. Осындай зерттеу субъективті болып табылады.




Тұнба

Тұнба келесі параметрлер бойынша сипатталады: жоқ, маңызды емес, айқын тұнба, көп. Көп тұнба болған жағдайда оның қабатының қалындығын көрсетеді.


Тұнбаның сапасы бойынша жапалақ тәрізді, сазды, құмды деген түрлерге бөлінеді, түстері – сүр, қоңыр, қара т.б. болу мүмкін.
Су қоймаларының тұнбалары сынаманы араластырғаннан кейін 1 сағаттан кейін тұнбаға түседі, жер асты көздерінің сулары 24 сағаттан кейін тұнбаға түседі.
Жауын-шашын түсу кезінде судың мөлдірленуі байқалады – байқалмайтын, әлсіз, күшті.
Иіс


Судың иісі судың құрамындағы иіс беретін заттарымен сипатталады, олар табиғи жолмен және ағынды сулармен түсіп отырады. Судың иісі шаруашылық-ауыз су мақсатында қолданылса хлордаудан кейін 2 баллдан аспауы тиіс. Анықтау органолептикалық зерттеуге және 200 и 600 С судың иіс сипаты мен интенсивтілігін анықтауға негізделген. Ұсынылған әдіс бойынша иістін сипатын және интенсивтілігін анықтайды.



  1. ші тәсіл



Құрал-жабдықтар: сулы монша, 70-1000 С термометр, көлемі 150-200 мл аузы кең колбалар.
Жұмыс барысы: 100 мл зерттелетін суды бөлме температурасында аузы кең, көлемі 200 мл колбаға құяды, әйнек сағат немесе тығын арқылы жауып қояды, сілкіп, араластырып, әйнек сағатын көтеріп иіс сипатын және интенсивтілігін тез анықтайды. Содан кейін колбаны 600 С сулы моншасында қыздырып иісін анықтайды.
Иістің сипаты бойынша екі топқа бөлінеді:
1. Шығу тегі табиғи иістің (суда өмір сүретін, өлген ағзалар, топырақтың әсері т.б.) 4 кестеде берілген классификация бойынша табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет