1 жұмыс Судың температурасын және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау


кесте – Шығу тегі табиғи иістердің сипаты мен түрлері



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі32,67 Kb.
#113731
1   2   3   4
4 кесте – Шығу тегі табиғи иістердің сипаты мен түрлері



Иістің сипаты

Иістің түрлері

Ароматты

Қиярлы, гүл

Сазды

Батпақты, сазды

Шірік

Ағынды сулар

Ағашты

Ылғал ағаш, ағаш қабығы

Жерлі

Жаңа жыртылған жер, сазды

Көктеген

Тұрып қалған

Балық

Балық, балық майы

Күкіртсутекті

Шіріген жұмыртқа

Шөпті

Шабылған шөп

Белгісіз

Жоғарыдағы анықтамалар сәйкес келмейді

2. Шығу тегі жасанды иістер (өнеркәсіп төгінділер, ауыз суларға – реагенттермен өңдеу) сәйкесті заттарға байланысты атайды: хлорфенолды, камфорлы, бензинды, хлорлы т.б.


Иістің интенсивтілігі 20 және 600 С 5-балды жүйе бойынша 5-ші кестеге сәйкес бағаланады.


5 кесте Судың иісінің интенсивтілігі



Балл


Иістің интенсивтілігі

Сапалық сипаттама



0

Ешқандай

Байқалатындай иісінің жоқ болуы

1

Өте әлсіз

Тұтынушымен анықталмайтын, бірақ зертханада тәжірибелі маман анықтай алатын иіс

2

Әлсіз

Тұтынушының назары аударылмайды, бірақ назар аударса байқалады

3

Байқалады

Иістің жарамсыз екені жеңіл байқалады

4

Анық байқалады

Иіс өзіне назар аударғызады және суды ішуге жарамсыз етеді

5

Өте күшті

Суды ішуге жарамсыз ететіндей жаман иісі бар

Судың иісің бөгде иіс жоқ ауа бөлмесінде анықтау қажет. Иістің сипаты мен интенсивтілігін бірнеше адам анықтау қажет.




2-ші тәсіл

Суы бар ыдысты қатты шайқаудан кейін және 40-500 С-ға дейін қыздырғаннан кейін ғана анықтау қажет, себебі судың иісі құрамындағы газдардың болуына байланысты.


Әдетте батпақты, жерлі, сазды, шірікті, күкіртсутекті иістер кездеседі. Күкіртсутектің кездесуі басқа иістерді өшіреді. Азотқышқылды қорғасын немесе мыс купорос ерітіндісінің бірнеше тамшыларың құйса күкіртсутекті жоюға болады. Нәтижесінде күкіртті қорғасын немесе күкіртті мыс тұнбалары пайда болады.
Судың дәмі мен татымын анықтау

Судың дәмі мен татымы (шаруашылық-ауыз су мақсатында хлорлаудан кейін), 2 баллдан аспауы тиіс.


Судың дәмі мен татымы сандық жағынан да (интенсивтілік және балл бойынша), сапалық жағынан да бағаланады.
Дәмдің төрт түрің қарастырады:
тұзды;
ащы;
тәтті;
қышқыл.
Басқа дәмдердің түрлері татымдар деп аталады: хлорлы, балық татымы, металды т.б. Дәм бен татымның интенсивтілігін иісті анықтағандай 5-балды шкала бойынша анықтайды.
Дәм бен татымды шикі судың құрамында бөлме температурасында және 600С температурасында анықтайды. Ашық су қоймаларының суларында, санитарлы жағынан нашар су көздерінің дәмін суды қайнатқаннан кейін ғана анықтайды.


1-ші тәсіл


Жұмыс барысы: суды зерттеген кезде 10-15 мл анықтайтын суды ауызға толтырып алады, бірнеше минут ұстап (жұтуға болмайды!) татымның сипаты мен интенсивтілігін анықтайды.


2-ші тәсіл


15-200 С температурасында дәмін тату. Судың татымы келесі түрлерге бөлінеді: тұшы, тәтті, ашқылтым, жер дәмі, тұтқыр, қышқыл, ащы т.б. Мысалы, магний тұздары бар сулардың ащы татымы бар, құрамында темір иондары бар сулардың сия (чернила) татымы болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет