№ 1 жұмыс
Судың температурасын және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау
1.1 Табиғи су қоймада судың температурасың анықтау
Құрал-жабдық: ондық градус ұлесі бар Цельсия термометрі.
Жұмыс барысы: су қоймасына термометрдің үштен төмен емес бір бөлігін салып қою және 2 минут ұстау. Шкала бойынша көрсеткішін санап шығару. Су қоймасының бірнеше жерлерінен температураларын анықтау. Көрсеткіштерді салыстыру.
1.2 Судың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау [4]
Жүзіп жүрген заттардың мөлшері
Құрал-жабдықтар: аналитикалық таразы, кептіргіш шкаф, воронкалар, фильтр қағасы, сағат әйнектері, 50, 100, 250 мл арналған колбалар.
Судың бұл сапа көрсеткішін белгілі судың көлемін қағаз фильтр арқылы фильтрлеу жолымен жүргізеді, содан кейін тұрақты салмаққа дейін кептіргіш шкафта кептіру арқылы анықтайды.
Жұмыс барысы: талдауға 500-1000 мл су көлемін алады. Жұмыс алдында фильтр қағазын өлшеп алады. Фильтрлеуден кейін тұңба мен фильтрді 1050 С тұрақты салмаққа дейін кептіргіш шкафта кептіреді, эксикаторда суытып, өлшейді. Таразы жоғары сезімтал (аналитикалық) болу қажет.
Зерттелетін судың құрамында жүзіп жүрген бөлшектерді келесі формула бойынша анықтайды, мг/л:
(m1 – m2) x 1000
V
мұнда m1 – өлшегіш заттары бар фильтр қағазының салмағы, г;
m2 – тәжірибеге дейін қағаз фильтрінің салмағы, г;
V – талдауға алынған судың көлемі, мл.
Буландырудан кейін қалдық пен лайлығын анықтау
Жүзгіш заттардың саны (лай) ауыз судың құрамында айтарлықтай көп емес, олардың көп мөлшерлері ағынды сулардың құрамында болады. Жүзгіш заттар кішкентай саз болшектерден ғана тұрмай, органикалық заттардан да тұру мүмкін .
Лайдың мөлшерін анықтау үшін 500 мл зерттелетін суды өлшеніп алынған фильр қағазынан өткізеді, содан кейін кептіргіш шкафында 1100 С температурасында кептіреді. Тұнбасы бар фильтр қағазын өлшейді. Айырмашылығы лай саны болып саналады.
Буланудан қалған тұнбаны анықтау үшін 500 мл зерттелетін суды фарфор ыдысында буландырады (дәл нәтиже алу үшін көлемі кішілеу платина ыдыстарын қолданады, бірнеше көп емес су порциясын кұйып отырып), 1100 С температурасында кептіреді және өлшейді.
Түстілік
Түстілік – бұл боялған қосылыстардың мөлшерін көрсететін, платина-кобальт шкала бойынша градус арқылы есептелетін судың сапа көрсеткіші болып табылады. Зерттелетін суды эталонмен салыстыру арқылы анықтайды.
Ішуге арналған судың түстілігінін шектеулі концентрациясы платина-кобальт шкаласы бойынша 200 құрайды.
Табиғи сулардың түстілігі гуминды заттармен, үшвалентті темірдің комплексті қосылыстарымен сипатталады. Осы заттардың мөлшерлері геологиялық жағдайларға, топырақ ерекшеліктеріне, өзен бассейндерінің батпақ, торф болуына тәуелді.
Судың түстілігін табиғи сулардың түстілігіне сәйкес жасанды ерітінділермен көзбен шолу арқылы салыстырып анықтайды. Ол үшін жасанды стандартты ерітінді дайындайды – калий хлорплатинаты және кобальт хлориді немесе оны стандартты калий бихромат және кобальт сульфаты ерітінділерімен ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |