1. Жоғары жүйке жүйесінің маңызы, қызметі және жас ерекшеліктері қандай?


Балалардың шартты рефлекстерінің ерекшеліктері қандай?



бет3/5
Дата03.12.2023
өлшемі40,46 Kb.
#132999
1   2   3   4   5
4. Балалардың шартты рефлекстерінің ерекшеліктері қандай?
Балалардың шартты рефлекстері ересек адаммен салыстырғанда анағұрлым күшті және берік болады. Сондықтан олардың жойылуына ұзақ мерзім қажет. Адамның миы өте ұқсас тітіркендіргіштердің әсерін ажырата алады. Адам баласы өте ұқсас дыбыстарды бір – бірінен ажырата алады. Ондай қабілет жануарларда да бар.
Оқыту, тәрбиелеу барысында мұғалімдер балаларда кешікпе шартты тежелуде тудыру үшін көп еңбек сіңіріп, жаттықтырады. Мұндай тежелу, әсіресе бастауыш сынып оқушыларында қиындықпен пайда болады, көп және ұзақ жаттықтыруды талап етеді.
Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі және сыртқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. Сыртқы тежелу 3 – 4 жаста жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың ойын жағымды әсермен оп – оңай бөліп жіберуге болады.
3 – 4 айлық жасында, кей кезде одан да ертерек, баланың ажырату шартты рефлекстері туа бастайды. 5 айлық балада шартты тежелу орын алады. Зерттеулерге қарағанда алдымен дыбысқа байланысты шартты рефлекстер тезірек пайда болады. 4 – ші айда дыбыс шыққан шақта басын бұрып, қолын созып гу – гулей бастайды.Содан кейін вестибулярлық шартты рефлекстер, содан соң ғана жарыққа деген шартты рефлекстер туады.
Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор.Соның негізінде балада сырқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3 – 4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді.
3 – 5 жас арасында шартты оң рефлекстердің бекуі қиындау, себебі бұл мерзімде баланың қорғану рефлекстері және шартты қорғаныс тежелуі жақсы болады.Қорғаныс тежелу ми қыртысында тез жойылады да, шартты оң рефлекстердің пайда болуына кедергі жасайды.Мектепке дейінгі жастағы балалардың комплекстік шартты рефлекстің пайда болуы қиындай түседі, негізінен олар комплексті тітіркендіргіштің жеке әсеріне ғана туады.Сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты пайда болған шартты рефлекстер балаларда тұрақсыз, тез жайылады,шартты тежелуі байқалады.Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қозуы мен тежелуінің әлсіз екенін көрсетеді.
5 – 7 жас арасында қозу мен тежелу күшейе түседі. Сондықтан бұл кезде, әсіресе 6 жаста, ішкі тежелуі жақсарады,ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16 – 20 минуттай бір нәрсеге зейінін тоқтата алады.Сыртқы тежелудің маңызы төмендейді. Сондықтан 15 – 20 минуттай баланы оқытуға мүмкіндік пайда болады.
Баланың шартты рефлекстері тек ғана нақтылы тітіркендіргішке туып ғана қоймайды. Біртіндеп екінші сигнал жүйесінің дамуына қарай шартты әсер ретінде сөздің маңызы артады. 6 жасқа жақындағанда бала сыртқы ортаның жағдайын қорыта бастайды. Баланың сөзге байланысы санасы 5 – 7 жаста жақсы дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларында шартты рефлекстердің тууы жеңілденеді,ішкі тежелудің маңызы арттады, сөзге байланысты төртінші, бесінші дәрежелі шартты рефлекстері пайда бола бастайды.Бұл кездегі нервтік байланыстар анағұрлым берік болады, баяу тежеледі.Сөзге байланысты шартты рефлекстерінің қасиеті өзгереді,ересек адамның сөздік шартты рефлекстеріне ұқсас келеді.Шартты оң рефлекстердің пайда болуы жеңілденеді.Баланың орталық жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі күшейіп,ми қыртысындағы қозудың маңызы артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет