1. Жоғары жүйке жүйесінің маңызы, қызметі және жас ерекшеліктері қандай?



бет1/5
Дата03.12.2023
өлшемі40,46 Kb.
#132999
  1   2   3   4   5
Байланысты:
физ3


1. Жоғары жүйке жүйесінің маңызы, қызметі және жас ерекшеліктері қандай?
Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-әрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген. Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. б.
Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға.
Нәресте дүниеге келгенде, оның бойында өзіне тән қабілет ерекшеліктерінің нышаны - бейімі болады. Оны тума талант деп те атайды. Осыған байланысты өр адамның жүйке жүйесінің топтарын ажыратады.
Дұрыс тәрбиенің нөтижесінде, тума таланттың негізінде адамның қабілеттілік қасиеті калыптасады. Қабілеттілік - жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. б. қасиеттердің жиынтығы. Адамдар бірінен-бірі кабілеттіліктері және көңіл күйінің өзгешелігімен де ерекшеленеді. Адамның жеке басына тән белсенділік, іс-әрекеттерінің, көңіл күйінің көріністерін сипаттайтын ерекшеліктерін темперамент (лат. «temperamentum» - бір шамалас) дейді. Оны жеке адамның мінез кұлығы мен көңіл күйінің ерекшеліктерінен айқын байқауға болады. Ол негізінен жүйке жүйесінің физиологиялық пш.ірмншылыктарына тікелей байланысты. Адам ағзасын зерттеуде ертедегі грек дәрігері Гиппократ (ж. с. д. 460 - 470 жылдары) көп еңбек сіңірді. Сондықтан да оны медицина ғылымының негізін салушы деп атайды. Гиппократ ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялык, физиологиялық дерттерге маңызды теориялык қорытындылар жасады. Әсіресе, ол өзіне каралған емделушілердің мінез-кұлық ерекшеліктеріне,темпераментіне ерекше мән берді.
Гиппократ адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеді. Осы «сүйықтықтың» өсерінен адамның мінез-құлық темпераменті байкалады деген. Ол адам денесіндегі бұл «сұйықтықтарды» ағзада кездесетін сұйықтықтармен байланыстырып, оларды латын, грек гоздерімен атады: қан (лат. «sangius»), өт (гр. «сһоде»), қара өт (гр. «melanos сһоlе») және шырын (гр. «phlegma»). Гиппократтың пікірі бойынша адам ағзасында осы төрт сұйыктықтың қайсысы көп болса, мінез-құлығы да соған байланысты деп түсіндірді. Осыған байланысты адамның мінез-құлығы сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик деп бөлінеді. Бұл атаулар ғылымда осы күнге дейін пайдаланылып келеді.
И.П. Павлов жеке ағзаның мінез-құлығына тән жүйке үдерістерінің негізгі касиеттерін 3 топка бөліп көрсетті. Оның бірінші қасиеті - қозу мен тежелу үдерістерінің әсер ету күшіне байланысты. Екінші қасиеті - қозу мен тежелудің арақатынастарының біріне- бірінің сәйкестігі. Қозу басым болса, тежелу баяу жүреді, кейде керісінше тежелу басым болса, қозу баяу таралады. Үшінші қасиеті жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына сәйкес жүзеге асады. Бұл қозу мен тежелудің бір-біріне алмасу жылдамдығы бойынша анықталады.
И.П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін 4 топқа (типке) бөлді.

  • 1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен

тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер - салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.

қозудың күші айқын басымдылык көрсетеді. Тежелу үдерісі де айқын әрі күшті жүреді. Оларды флегматиктер (салбыр мінезді) деп атайды. Олар сылбыр, көңіл күйі айқын байқалмайды, бірақ жұмысқа қабілетті, шыдамды, ұстамды, көбінесе тұйық болады. Өзіне сенеді, ісі тындырымды. Бос сөзді ұнатпайды.

  • 3. Ұстамсыздау топ. Оларда қозу үдерісі өте күшті жүреді, қозу

ми қыртысына кеңінен таралады. Тежелу үдерісі баяу жүреді, яғни қозу тежелуден басым болады. Мұндай жүйке жүйесінің тобына жататын адамдарды холериктер (қызу қанды) деп атайды. Олар өте ширақ, бірақ салмақты емес, ұшқалақ, көбіне ызақор, кекшіл, айтқанынан кетпейтін бірбеткей болады. Бірақ адамдармен тез тіл табады.

  • 4. Әлсіз (сылбыр) топ - қозудың күші әлсіз, ми қыртысының қызметі төмен деңгейде жүреді. Әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен-ақ тежелу байқалады. Осындай жүйке жүйесі бар адамдарды меланхоликтер (уайымшыл, мұңды) деп атайды. Олардың психикалық

белсенділігі айқын байқалмайды, баяу қозғалады. Өте сезімтал, тез ренжиді, өзіне өзі сенбейді, әрі тұйық, көңіл күйі бірқалыпты болғанымен, сырттай көрінісі көзге байқалмайды. Олар сылбыр, сөзге, сараң, жасқаншақ, ұялшақ, кекшіл, уайымшыл. Бірақ бастаған ісін аяғына жеткізуге тырысады. Өзін көпшіліктен аулақ ұстауға тырысады.
Адамдарды жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қарап, осылай шартты түрде ғана бөледі. Көбіне адамдардың жүйке жүйесінде ұксас белгілер болғанымен, әрбір жеке адамның өзіне ғана тән ерекшеліктері болад. Әрбір жеке адам өзінің наным-сенімі, арман-мұраты және алдына қойған мақсаты аркылы бірінен-бірі ерекшеленеді.
Адамның мінезінде жеке басының жігері басты орын алады. Жігер дегеніміз - адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті. Жігерлі адам көздеген мақсатына жету үшін зор табандылық көрсете біледі. Жігерлілік әрекеттің басты мақсаты – қабылдаған шешімді орындап шығу. Адам жігері арқылы кез келген қиыншылықты жеңуге жол табады. Адам өзінің жігері арқылы мінез құлығын басқара алады. Бұл кезде адам ішкі және сыртқы қиыншылақтарды жеңуге ұмтылады. Адамның өз мінез-құлығын жігеріне бағындыра білуі тәрбие жұмыстарында жөне өзін тәрбиелеуде өте кажет. Мақсатқа жетуді көздеу, айтқанында тұру, өзін ұстай білу, шұғыл шешім қабылдау, тәртіпке бағыну адамның жігері арқылы қалыптасады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет