1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



бет15/21
Дата19.04.2023
өлшемі62,14 Kb.
#84328
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
анат сессия

Немесе осыны ал
Шажырқайдың төменгі артериясы(a.mesenterica inferior) құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен 3 бел омыртқа тұсында тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, 3 тармаққа бөлінеді.
Солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra).
Сигма тәрізді артерия(a.sigmoidea) сигма тәрізді жиек ішекке барады
Тікішектің жоғарғы артериясы(a.rectalis superior) тікішектің жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.
Шажырқайдың төменгі артериясының (a.mesenterica inferior) солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra) жиек ішектің бауырлық иініне барады және көлденең жиек ішектің шажырқайлық жиегінде, ортаңғы жиек ішек артериясымен(a.colica media) – шажырқайлық жоғарғы артериясы ұштасып, Риолан доғасын түзеді.
Риолан доғасы физиологияда және колоректальді хирургияда маңызды.
Физиологияда қанайналым бұзылуы жағдайында маңызды рөл атқарады. Ол тоқ ішектегі қанайналымның үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Колоректальді хирургияда тоқ ішек резекциясы кезінде бұл анастомоз ескеріледі.
28.Жіңішке және тоқ ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі. Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.
Тоқ және тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі көкірек аортасынан тармақталатын жоғарғы және төменгі шажырқайлық артериялармен қамтамасыз етіледі.
Жоғарғы шажырқайлық артерия қолқаның алдыңғы бетінен, құрсақтық сабаудан сәл төмен (1-3см), ұйқыбездің артында басталатын ірі артерия. Жоғарғы шажырқай артериясы жіңішке ішектің шағыжқайына жетеді де, шажырқай табақшаларының арасына өтеді. Ол доға түзеді және мықын шұңқырына дейін жетеді.
Жоғарғы шажырқай артериясы: жіңішке ішекке(тек 12 елі ішектің жоғарғы бөлігінен басқа) жоғарылаған жиек ішекке(жоғарылаған және жартылай көлденең бөлімдеріне – восходящей и частично горизонтальной ободочной кишке) тармақтар береді.
Тармақтары:
Төменгі ұйқыбез – 12 елі ішек артериясы(a.pancreaticoduodenalis inferior) ұйқыбезге және 12 елі ішек артерияларына тармақтар беріп, Жоғарғы ұйқыбез - 12 елі ішек артериясымен(a.pancreatiicoduodenalis superior) – a.gastroduodenalis тармағы, анастамоз құрайды.
Ішектік артериялар – aa.intestinales. Ащы ішек жіне мықын ішек артерияларына(aa.jejunales et aa.ilei) бөлінеді. Әрбіреуі сабауларға тармақталады да, көршілес ішектік артериялармен анастомоз құрайды. Доғалоар құрайды. Доғалардан тармақтар шығады да қайта доға түзеді. Бұл екінші қатар доғалар. Екінші қатар доғалардан шыққан тармақтар үшінші қатарды түзеді. Ең соңғы дистальді тармақтардан жіңішке ішек ілмектері қабырғасына тік тармақтар береді.
Мықын-жиек артериясы – a.iliocolica. Мықынішек(подвздошная кишка-конечная часть тонкой кишки) пен соқырішекті(слепая кишка-первый участок толстой кишки) және өрлемелі жиек ішектің төменгі бөлімін қанмен жабдықтайды
Оңжақ жиек ішек артериясы (a.colica dextra) өрлемелә жиек ішекке барады. Оның жоғарғы бөлігін, жиек ішектің оңжақ(бауырлық) иінін және көлденең жиек ішектің бастапқы бөлімін қамтамасызз етеді.
Ортаңғы жиек артериясы(a.colica media) жиек ішектің оңжақ иініне барады, көлденең жиек ішектің көп бөлігін қанмен жабдықтайды.
Тоқ ішектің қанмен қамтамасыз етілуі көкірек аортасынан тармақталатын жоғарғы және төменгі шажырқайлық артериялармен қамтамасыз етіледі.
Шажырқайдың төменгі артериясы(a.mesenterica inferior) құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен 3 бел омыртқа тұсында тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, 3 тармаққа бөлінеді.
Солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra).
Сигма тәрізді артерия(a.sigmoidea) сигма тәрізді жиек ішекке барады
Тікішектің жоғарғы артериясы(a.rectalis superior) тікішектің жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.
Шажырқайдың төменгі артериясының (a.mesenterica inferior) солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra) жиек ішектің бауырлық иініне барады және көлденең жиек ішектің шажырқайлық жиегінде, ортаңғы жиек ішек артериясымен(a.colica media) – шажырқайлық жоғарғы артериясы ұштасып, Риолан доғасын түзеді.
Риолан доғасы физиологияда және колоректальді хирургияда маңызды.
Физиологияда қанайналым бұзылуы жағдайында маңызды рөл атқарады. Ол тоқ ішектегі қанайналымның үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Колоректальді хирургияда тоқ ішек резекциясы кезінде бұл анастомоз ескеріледі.
29.Жалпы және сыртқы мықын артериялары. Алдыңғы құрсақ қабырғасындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.
Жалпы мықын артериясы. A.iliaka communis.
Құрсақтық қолқаның бөлінген жерінен құрылатын жұп тамыр. Жалпы мықын артериясы бұрыш жасап тармақталып төмен және сыртқа бағытталады. Бұл бұрыш әйелдерде ерлерге қарағанда үлкен. Жалпы мықын артериясының ұзындығы 5-6 см сегізкөз мықын буыны тұсында: сыртқы мықын артериясына және ішкі мықын артериясына бөлінеді.
Ішкі мықын артериясы. A. iliaca interna .
Жалпы мықын артериясынан тармақтарып, кіші жамбас астауына төмен бағытталып, сегізкөз мықын буыны сызығында жатады. Үлкен шонданай тесіктің жоғарғы жиегінде алдыңғы және артқы сабауға бөлінеді. Осы сабаулардан тармақталатын тармақтар кіші жамбас астауы мен қабырғасына бағытталады,сондықтан олар қабырғалық (паристальді) және ішкіағзалық (висцеральді) деп бөлінеді.
Ағзалық тармақтар.
-Кіндік артериясы (a. umbilicalis) ішкі мықын артериясының эмбрионалдық кезеңдегі ең бір ірі тармағы.
-Шәует шығаратын түтік артериясы (a. ductus differentis) ішкі мықын артериясының алдыңғы сабауынан басталып алға жүред және шәует шығаратын түтікке жеткен соң, түтік бойымен жүретін екі тармаққа бөлінеді. Екеуінің біреуі түтікпен қоса шәует шылбырының құрамына кіріп a.testicularis- бен анастамозданады. Екшнші тармағы шәует шығаратын түтікпен бірге шәует қуықшаларына барады. Әйелдерде шәует шығаратын түтік артериясына жатыр артериясы сәйкес келеді.
-Ортанғы тік ішек артериясы (a.rektalis media), не a iliaka interna немесе vesiculis inferior- дан шығып тік ішектің қабырғаларында тармақталып, жоғарғы тік ішек тармақтарымен (aa.rectalissuperior it inferior) жалғасады, сондайақ несепағар мен қуыққа қуықасты безіне, ұрық көпіршіктеріне, әйелдерде қынапқа тармақтар береді.
-Ішкі жыныс артериясы (a.pudenda interna) жамбас астауында ең жақын бұлшықеттер мен plexus sacralis түбіршіктеріне кішкене тармақшалар береді, негізінен diaphragma-тан төмен орналасқан мүшнлер мен шатты ғана қанмен жабдықтайды. Жамбас астауынан formen infrapiriforme арқылы шығады да, spina ischiadica-ның артқы жағын орай өріп, кіші шонданай тесігі арқылы қайтадан жамбас астауына кіреді және нәтижесінде fossa ischiorectalis ке келеді. Ол бұл жерде артқы тесік аймағындағы rectum-ның төменгі бөлетін несеп шығаратын өзекті, шат пен қынапты бульбоуретралдық бездерді, сыртқы жыныс мүшелерін қанмен жабдықтайтын тармақтарға ыдырайды.
-Жоғарғы несепқуық артериясы (aa.vesicalis superior et inferior) aumbilicalis-тің бітелмеген бөлігінен басталып, несепқуықтың жоғарғы бөлігінде тармақталады, төменгі несепқуық артериясы a.iliaca interna-дан басталып, несепағар мен қуықтың түбін қанмен қамтамасыз етіп, сондай ақ қынапқа, қуықасты безі мен ұрық қуықшаларына тармақтар береді.
Қабырғалық тармақтар. (a.iliacae internae)
• Мықын-бел артериясы (a.iliolumbalis).ол ішкі мықын артериясының сыртқы сабауынан басталып жоғары және артқа бағытталады:m.hsoas major астында жатып,оның ішкі жиегінде бел (r.lumbalis) және мықын (r.iliacus) трмақтарына бөлінеді.
• Жоғарғы сегізкөз артериясы (a.sacralis lateralis) m.levator ani және piriformis-ті, сегізкөз өрімінің нерв сабауларынқанмен жабдықтайды.
• Жоғарғы бөксе артериясы (a.glutta superior) ішкі мықын артериясының артқы сабауының жалғасы болып табылады.
• Жапқыш артериясы(a obturatoria) жапқыш тесігіне бағытталады. Жапқыш өзегінен шыққаннан кейін ол m.obturatorius externus-ті аддукторларды қоректендіріп және ramus acetabularis буынына өтіп lig.capitis femoris пен ортан жіліктің басын қоректендіркді.
• Төменгі бөксе артериясы (a.glutea inferior).
Сыртқы мықын артериясы (a.iliaca externa)
• Жалпы мықын артериясынынан тармақталатын жұп ірі сабау, шшастар ішінде орналасып, m.psoas major-дың медияльді жиегімен алға және төмен бағытталады; шап жалғамасының астымен тамырлық тесікке (lacuna vasorum) барып аттас венадан латеральдік жатады сыртқы мықын артериясы тамырлық тесіктен санға шыққан соң, оның тікелей жалғасы сан артериясы a.femoralis.
• Сыртқы мықын артериясы келесі тармақтар береді:
• Бұлшықеттік тармақтар, m.psoas major-ға.
• A.epigestrica inferior-төменгі құрсақ үсті артериясы.бұл артерия өз кезегінде екі тармақ береді:
• А. A)obturatoria мен жалғасып symphysis pubica-ға баратын ramus pubicus және Ә)m.cremaster мен аталық безге баратын a.cremastrica.
• A.circumflexia ilium profunda-мықын сүйегін орап жататын терең артерия.
Құрсақтың алдыңғы қабырғасының шекарасы
жоғарыдан – arcus costarium мен processus xipholdeus төменнен – пупартов байламы мен симфиз / шап сүйектерінің біріккен жері/, бүйірінен – linea acsliiaris пен шектелген.
Топографиялық жағынан үш бөлікке бөлінеді
2 горизонтальды сызық (linea bicostarum et linea bispinarum) алдыңғы іш қабырғасын 3 бөлімге бөледі: I – epigastrium;
II – mesogastrium; III -hypogastrium.
2 вертикальды сызық, тік бұлшық еттің сыртымен жүріп,3 бөлімді аймақтарға бөледі:
epigastrium : 1 - region epigastrica; 2 – regio hypochondrica dextra және sinistra .
mesogastrium : 3 – regio umbilicalis ; 4 - region abdominalis dextra мен sinistra.
hypogastrium : 5 – regio pubica ; 6- екі regio inguinales.
Құрсақтың алдыңғы қабырғасында бұдан басқада сызықтар жүргізіледі:
І Семсер өсіндісінің ортасынан симфизге дейін – құрсақтың ортаңғы сызығы жүргізіледі, ол құрсақтың ақ сызығына сәйкес келеді /linea aiba/, 2. Linea pararectalis, m. recti-дің сыртқы жиегіне сәйкес келеді, 3. Linea semliunaclis spigelii-m. transverse abdominis-тің апоневрозға ауысатын жеріне сәйкес келеді.
ҚҰРСАҚТЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚАБАТТАРЫ
Тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр, lamina thompsoni бұлшық ет қабаттары, fascia transversa, іш пердесінің алдындағы майлы қабат /lamina adipose langenbeci/ және қабырғалық /париетальды/ іш пердесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет