633)Тік ішек, несепағар және несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.
Тік ішек қабырғасын жоғарғы тік ішек артериясы, a. rectalis superior, (төменгі шажырқайлық артерияның тармағы), жұп ортаңғы және төменгі тік ішек артериялары, аа. rectales media et inferior, (ішкі мықын артерияларының тармактары) қанмен қамтамасыз етеді.
Тік ішектен веналық қан жоғарғы тік ішек венасы арқылы төменгі шажырқай венасына, ол қақпа венасының құйылымы, ортаңғы және төменгі тік ішек веналары арқылы ішкі мықын веналарына, олар төменгі куыс венасынын құйылымдары.
Тік ішектің лимфа тамырлары ішкі мыкын, қолка астындағы және жоғарғы тік ішек лимфа түйіндеріне бағытталады.
Тік ішектің парасимпатикалық нервтенуі ішкі мүшелік бел нервтерімен және симпатикалық нервтенуі төменгі шажырқайлық өрім тармақтарымен жүреді. Сонымен қатар жоғарғы және төменгі кұрсақ асты өрімдерінен ішек қалыңдығында ортаңғы және төменгі тік ішек өрімдері қалыптасады.
Несепағардың канмен камтамасыз етілуі:
Несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек, аталық без немесе аналык без артерияларынан, a. renalis, a testicularis s. ovarica, тармақталатын несепағар тармактары, rr. ureterici, арқылы; ортаңғы бөлігі құрсақтык қолка, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, rr. ureterici, арқылы; төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармакталатын несепағар тармактары, rr. ureterici, арқылы канмен камтамасыз етіледі.
Несепағар веналары аталықбез немесе аналык без веналарына, кейін ішкі мыкын венасына ашылады.
Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мыкын лимфа түйіндеріне кұйылады.
Несепағар нервтері бүйрек, несепағар, төменгі құрсақасты өрімдерінен басталады. Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық нервтенуі кезбе нервпен (бүйрек өрімі аркылы), ал төменгі бөлігі жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.
Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.
Несепқуықтың денесі мен ұшын кіндік артерияның тармақтары жоғарғы қуык артериялары, аа. vesicates superiores, қуықтүбі мен бүйір қабырғасын ішкі мықын артерияның тармақтары томенгі қуық артериясы, а. vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.
Несепқуык кабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналықөріміне, plexus venosus vesicae urinariae, және несепқуық веналары, vv. vesicates, арқылы ішкі мықын венасына ағады.
Несепқуықтың лимфа тамырлары ішкі мықын лимфа түйіндеріне ашылады.
Несепқуық төменгі құрсақасты орімнен симпатикалық нервтенеді, ішкі мүшелік жамбас нервтерінен, пп. sphlachnici pelvini, -парасимгіатикалық және сегізкөз өрімінен, п. pudendus-сезім талшықтарын алады.