Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
120. Вегетативтік құрсақтық өрімдер, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Уник 67 Құрсактық өрім,plexus celiacus, құрамында превертебралді құрсақтық түйін, ganglion сеliacum, немесе жартылай айтәрізді түйіндері, ganglia semilunaria бар вегетативтік өрімдердің ең ірі өрімі. Ол оған жакындайтын нерв сабаулары мен оның құрамына кіретін түйіндер санына және осы ірі конгломераттың пішіні бойынша өзгермелі. Құрсактық өрім, кұрсақтық сабау негізінің жан-жағында орналасатын тақ құрылым, ол латералді бүйрекүсті бездеріне дейін таралады. Өрім өзінің жоғарғы бөлігімен кеуделік қолқа өрімімен, төменгі бөлігімен жоғарғы шажырқай өрімімен байланысқан. Өрім әртүрлі көлемді және пішінді симпатикалық кұрсақтық өрімдер, ganglia сеііаса, конгломераты түрінде, өзара ұзындығы мен қалындағы әртүрлі дәнекер тармақтармен байланысқан. Құрсақтық өрімнің даму дәрежесіне тәуелді оның түйіндері ішінде екі ірі - оң және сол жарты айтәрізді түйіндері, ganglia semilunaria, ажыратады. Құрсақтык өрімге келесі тармақтарын береді: а) Үлкен ағзалық нерв, п. splanchnicus major. б) Кіші ағзалык нерв, п. splanchnicus minor. в) Кезбе нерв, п. vagus, құрсақтық тармақтарын, rami celiaca. г) Симпатикалық сабаудың бел түйіндері, ganglia lumbalia trunci sympathici. д) Кеуде қолқа өрімі, plexus aorticus thoracicus. е) Көкет нерві, n. phrenicus, тек соңы кұрсақтык өрімнің парасимпатикалық бөлігінің қалыптасуына оң және сол көкет нервтер қатысады. Құрсактық өрімнің құрамына кезбе нервтердің жалпы артқы сабауының көп бөлігі кіреді. Құрсақтык өрімнен екінші реттік өрімдер түзетін ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі нерв тармақтары таралады. Осы тармақтар жолында және түзетін екінші реттік өрімдер тармақтары ішінде ганглионарлық жасушалар бар. Олардың біреулері тармақтардан тысқары әртүрлі көлемді түйіндер түзеді, қалғандары жеке сабау ішкі нерв жасушалары түрінде шашырайды.