Май бездері – дерманың емізікшелі және торлы қабатында орналасады, шаштармен байланысқан, шаш талшығы жоқ жерде бос (еркін) жатады.
Май бездері: баста, бетте және арқаның омыртқа жотасының аймағында көп болады. Май бездерінің өзектеры шаштардың яғни түктердін тубіріне ашылып, шаштарға, туктерге, терыге май бөледы. Май бездерінен бөлынген май терiні, шашты кұрғап кетуден сактайды және терыге суды өткізбейды, сонымен қатар терінін жұмсактығы мен серпімділігын камтамасыз етеді.Тәулігіне 20 г шамасында тері майы өндіріледі. 97.Жұлын нервтерінің қалыптасуы, олардың тармақтары, нервтендіру аймақтары. Уник 93 Сомалық нервтер шығу аймағына байланысты 2 топқа бөлінеді: 1. Ми нервілері (nn. craniales) 2. Жұлын нервілері (nn.spinales) Жұлын нервтерінің қалыптасуы, осы жұлынның артқы және алдыңғы түбіршіктерінің бірігуі нәтижесінде түзілген сабау (truncus n.spinalis) не болмаса бау (funiculus) түрінде басталып, жүзеге асады. Осы жерде айта кетер маңызды жайт бар, әрбір жұлын нерві дененің миомерлеріне сай түрде орналасады және тек қана сегментті түрде белгілі бір бұлшықеттерді және тері аймағын нервтендіреді. Бәрімізге белгілі біздің денемізде 31 жұп жұлын нервілері бар. Оның ішіндегі: • 8 жұбы – мойын нервілері (nn. cervicales) • 12 жұбы – кеуде нервілері(nn.thoracici) • 5 жұбы – бел нервілері(nn. lumbales) • 5 жұбы - сегізкөз нервілері(nn.sacrales) • Соңғы 1 жұбы – кұйымшақ (nn. coccygeus) жұлын нервілері болып табылады. Омыртқааралық тесіктер ( foramina intervertebralia ) арқылы жұлын нервінің сабауы шыққан соң 4 тармақтарға ажыратылады. Бұл 4 тармақтың екеуі негізгі тармақтар болса, қалған екеуі қосымша тармақтары болып есептеледі. Негізгі тармақтары: 1. Жұлын нервінің артқы (дорсалді) тармақтары – rami dorsales nn. spinali 2. Жұлын нервінің алдыңғы (вентралді) тармақтары – rami ventrales nn. spinalum Қосымша тармақтары: 1. Дәнекерлік тармақтар (rami communicantes) – симпатикалық сабауға қосылып, ішкі ағзалар мен тамырларды иннервациялайды 2. Қабықтық тармақтар(ramus meningeus) – бұл тармақтың нервтендендіру аймағы ретінде жұлынның қабықтары есептеелді. Ендігі кезекте жұлын нервінің негізгі тармақтары жайлы нақтырақ айтып, мәлімет беріп өтетін болсам. Жұлын нервінің артқы тармақтары омыртқалардың көлденең өсінділері арқылы өтеді де, сосын буын өсінділерін орай артқа өз бағытын бұрады. Осы жерде І мойын, ІV және V сегізкөз, құйымшақ тармақтарынан бөлек барлық жұлынның артқы тармақтары 2 тармаққа жіктеледі: • Латералді тармақ – ramus lateralis • Медиалді тармақ – ramus medialis Міне, осы тармақтар мойынның, арқаның артқы бетінің және желке аймағындағы теріні нервтендіреді. Сонымен қоса, жаңа айтып өткен аймақтардағы терең бұлшықеттерді де нервтендіруге толығымен қабілетті болып келеді. Шүйде астылық нерв (n. suboccipitalis) - І –щі мойын нервінің артқы тармағы болып саналады. Бұл нерв шүйде сүйегімен ауыз омыртқасы арасынан шығады да желке аймағы тұсындағы бұлшықеттерді нервтендіреді. Нақтырақ қандай бұлшықеттер екенін айтып өтер болсам: mm. recti capitis major et minor, m. semispinalis capitis және m. oblique capitis. Алайда шүйде астылық нерв теріні иннервацияламайды, яғни теріге баратын тармақтары жоқ. Келесі үлкен шүйде астылық нерв ( n. suboccipitalis major) жайлы айтатын болсам, ол - ІI мойын нервінің артқы тармағы. N. suboccipitalis major өз бастауын ауыз омыртқасының артқы доғасы және де ІІ –ші мойын омыртқасы арасынын бастайды да, жолындағы бұлшықеттер арасынан бойлай жүре отырып, терінің астында терілік тармақтар беру нәтижесінде шүйде аймағындағы теріні иннервациялайды. Кеуде нервілерінің де тармақтары латералді және медиалді тармақтарға ажыратылады. Және де осы 2 тармақтарыда аутохтонды бұлшықеттерді және осы бұлшықеттер аумағындағы теріні нервтендіріп отырады. Осы жерде есте сақтайтын бір маңызды жайт бар, жоғары кеуде невтерінің терілік тармақтары тек қана rami mediales –тен шығатын болса, ал төменгі кеуде нервтерінің тармақтары керісінше rami laterales-тен шығып отырады. Үш жоғарғы бел және сегізкөз нервілерінің терілік тармақтары бөксе аймағына, дәлірек айтсам, бөксе аймағының жоғары бөліміне жеткен соң, өз тармақтарын береді. Бөксенің жоғарғы терілік нервін ( nn. clunium superiores ) бел нервілерінен келетін тармақтар құраса, сегізкөз нервілерінің тармақтары нәтижесінде бөксенің ортаңғы терілік нерві (nn. clunium medii ) түзіледі. Жалпы жұлын нервілерінің артқы тармақтары жайлы айтып болдым, ендігі кезекте жұлын нервісінің алдыңғы тармақтарын қарастыратын болсам. Жұлын нервілерінің алдыңғы тармақтары алғашқы екеуінен басқасы артқы тармақтармен салыстырғанда жуаңдау болуымен ерекшеленеді. Негізінен жұлын нервілерінің алдыңғы тармақтары біздің денеміздің вентралды қабырғасының және қолымыз бен аяғымыздың терісін, бұлшықеттерін иннервациялайды. Тек қана осы емес, сонымен қатар сыртқы жыныс ағзаларын жабатын тері аймағын да нервтендіпріп отырады. Сондай- ақ жұлын нервілерінің алдыңғы тармақтары (rami ventrales) тек кеуде бөлімінде метамерлік құрылысы көрініс тапқан, бұл нервтер қабыртқааралық нервтер (nn. intercostales) болып табылады. Қолды және аяқты иннервациялайтын жұлын нервілерінің алдыңғы тармақтары болса өзіндік сегменттік нервтендіру қасиетін сақтамаған. Осы алдыңғы тармақтар бірге қосылу нәтижесінде және әртүрлі жұлын сегменттерінің нерв талшықтары қатысуы арқасында өрімдер ( plexus ) түзіледі. Демек , әр жұлын нервілерінің алдыңғы тармағы өз талшықтарын басқа шеткі нервтерге беріп отырады. Осының нәтижесінде бір нерв бұзылған не зақымданған жағдай орын алар болса да, бұл нервке көршілес сегмент талшықтарынан келетін импульстар арқасында, сол нерв иннервациялап отырған бұлшықеттердің қызметтері бірдей бұзылысқа әкелмейді. Және де жұлын нервілерінің жалпы саны үш өрімі бар: мойын өрімі (plexus cervicalis), иық өрімі (plexus brachialis), бел-сегізкөз өрімі (plexus lumbosacralis). Бел – сегізкөз өрімі өз жолында 3 өрімге жіктелген, олар: бел өрімі (plexus lumbalsi), сегізкөз өрімі (plexus sacralis), құйымшақ өрімі (plexus coccygeus). 98. Мойын өрімі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары уник85 Ең алдымен мойын өріміне анықтама беріп кетер болсам, мойын өрімі төрт жоғарғы мойын жұлын нервтерінен қалыптасқан өрім болып есептеледі. Латынша атауы – plexus cervicalis. Үш ілмектердің көмегімен осы нервтер қосылып, байланысады. Өрімнің алдынғы бетін m. Sternocleidomastoideus , яғни төс-бұғана еміздік бұлшықет жапқан. Өрімнің топографиясына келер болсам, негізінен өрім көлденең өсінділердің жанында және медиалді жағында омырткаалдылық бұлшықеттер мен латералді жағында омырткалық бұлшықеттер атап өтер болсам, m. scalenus medius, m. levator scapule, m. splenius cervicis сияқты бұлшықеттер аралығында орналасқан. Жалпы алғанда өрімнің үш тармағы бар. Олар:
Терілік
Бұлшықеттік
Аралас
Ендігі кезекте әр тармағына жеке-жеке тоқталып, сипаттама беріп өтетін болсам: Мойын өрімінің бұлшықеттік тармақтарна мыналар кіреді:
Бұлшықеттік тармақтар, rr. musculares
Трапеция тәрізді бұлшықет тармағы
Төсбұғанаемізіктәрізді бұлшықет тармағы
Көкет нерві, тervus phrenicus
Осы ішіндегі көкет нервін сипаттап кетер болсам, бұл нерв кеуде торы қуысында орналасқан. Көкетке барған соң тармақталады. Сол тармақтарын атап өтсем:
Дәнекер тармақтар
Жүрекқап тармақтары
Өкпеқап тармақтары
Көкет тармақтары
Көкетіш тармақтары r.phrenicoabdominalis,одан бауырга, жогаргы асказанга жане ішастар мен іштің алдынгы кабыргасына тармақтары кетеді.
Мойын өрімінің терілік тармақтарына мына нервтер жатады: 1. Кіші шүйде нерві, n. оccipitalisminor екінші және үшінші мойын нервтерінен түзіліп m. Sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып келіп, бұлшықеттен шыққан соң екі тармаққа бөлінеді. 2. Үлкен құлақ нерві n. aurycularismagnus ,мойын өрімінің ең ірі нерві. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту түтігін нервтендіреді. 3. Мойынның көлденең нерві, n. transuersuscoli немесе мойынның терілік нерві, n.cutaneuscoli , мойын терісін нервтендіріп жатады. Осы мойынның терілік нерві , r. colli n. facialis қосылып, мойынның беткей ілмегін түзеді. 4. Бұғанаүсті нервтер, nn. supraclavicularia – 3 тармағы бар:
Nn. Supraclaviculares anteriores
Nn. Supraclaviculares medii
Nn. Supraclaviculares posteriors
Қорытындылай келе жинақтап айтар болсам, мойын өрімінің түзілуі құрылымдар көмегімен жүзеге асады.
Nervi spinales, ramiposteriores Жұлын нервтерінің артқы тармағы;
Nervus occipitalisminor Кішірек шүйде нерві;
Nervus auricularismagnus Үлкен құлақ нерві;
Nervus transversuscolli Мойынның көлденең нерві;
Nervi supraclaviculares Бұғанаүсті нерві;
Nervus phrenicus Көкет нерві;
Radix superior Ansacervicalis [profunda] Radixinferior Жоғарғы түбіршек Мойын ілмегі (терең) Төменгі түбіршек;