1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Бел өрімі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары.уник 85



бет99/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116
102. Бел өрімі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары.уник 85
Бел өрімі (plexus lumbalis) белдің 3 жоғарғы жұлын нервітерінің алдыңғы тармағы және 4ші жұлын бел нервісінің алдыңғы тармағының жоғары бөліігнен, сонымен қатар он екінші кеуде нервінің төменгі талшықтаырынаның бір-бірімен байланысуынан пайда болады. Бел өрімі бел омырткаларының көлденен өсіңділері алдында және m. psoas major қабатында орналасып, өзінің тармақтарын береді. Ендігі кезекте сол тармақтар туралы айтар болсам:
Бұлшыкеттік тармактары (rami musculares) белдің үлкен, кіші бұлшықеттерін (m. psoas major et minor), шаршы бұлшықетін(m. quadratus), сонымен бірге m.intertransversii laterales - тіде нервтендіреді.
Келесі, мықын-құрсақ асты нерві (nervus iliohypogastricus) іштің киғаш және де көлденен бұлшықеттері арқылы өтіп сол бұлшықеттерді және бөксенің жоғарғы жағы мен шап каналының беткей тесігінің терілерін иннервациялайды. Бұл нерв өз жолында бұлшықеттік, латералді терілік және алдыңғы терілік тармақтар береді.
Мықын-шап нерві (nervus ilioinguinalis) мықын-құрсақ асты нервтің астында орналасып, онымен параллель бағытта жүреді. Шап каналының беткей сақинасына барған соң, одан шығып қасаға мен ұманың не болмаса үлкен жыныс ернеуінің терісін иннервациялайды. Мыкын-шап нервінің бізге үш тармактары белгілі, олар:

  • Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, mm. transversus abdominis, obliquus internus abdominis et obliquus externus abdominis төменгі учаскелерін нервтендіреді.

  • Терілік тармактар, rami cutanei, қасаға, санның ішкі бетінің жоғарғы учаскесі және шап аймағы терісінде тармақталады.

  • Ұмалық алдыңғы тармактар, rami scrotales anteriores жыныс мүшесінің түбірі, үманың алдыңғы бөлімдері терілеріне барады.

Осы жерде қосымша айтып кететін болсам, бүл тармақтар сан-жыныстык нервтің, n. genitofemoralis (r.genitalis) тармактарымен косылуы мүмкін.
Жыныстык-сан нерві, (n. genitofemoralis), m. psoas major қалыңдығы арқылы оның алдыңғы бетіне өтікен соң 2 тармакқа бөлінеді. Біріншісі сандык тармақ, (ramus femoralis), шап байламынан төмен жатқан аймақтың терісін нервтендірсе, екінші жыныстык тармағы, (ramus genitalis) m. cremaster және атабездің қабықтарын нервтендіреді.
Мықын – шап нервінің тағы бір тармағы, ол санның латералді терілік нерві (n. cutaneus femoris lateralis) санның латералді жағынан тізеге дейін түседі де, осы тармақталған аймақтарының терісін нервтендіреді.
Жалпы бел өрімінің ең ірі тармағы болып сан нерві (n. femoralis) саналады. Бұл нерв санның алдыңғы бетінің бұлшықеттерің және оған қоса терісінде нервтендіреді.
Және ең соңғы тармағы жапқыш нерв (n. obturatorius) сыртқы жапқыш бұлшықетті (m. obturatorius externus), жамбас- сан буынын, әкелуші барлық бұлшықеттерді, яғни оған қоса m.gracilis et m. pectineus термен бы бірге және де осы аймақтардағы теріні де нервтендіреді.

103. Сегізкөз өрімі, қалыптасуы, топографиясы, қысқа тармақтары, нервтендіру аймақтары. Уник 79
Сегізкөзөрімі төрт жоғарғы сегізкөз нервілерінің және бесіншіші бел нервісінің алдыңғы тармақтарынан, сонымен қоса төртінші жұлын бел нервісінін алдынғы тармағының төменгі бөлігінің арқасында қалыптасады. Бұл өрім үшбұрыш пішінді ірі табакша түрінде, оның ұшы foramen infrapiriforme қарай бағытталған болып келеді. Сегізкөз өрімінің азғана бөлігі сегізкөздің алдыңғы бетінде және де қалған біршама бөлігі m. piriformis алдыңғы бетінде орналасады. Сегізкөз өрімінен қысқа және ұзын тармактар түзіледі. Қысқа тармақтар негізі бел аймағын иннервациялайды. Ендеше, сегізкөз өрімнің қысқа тармақтарына тоқталар болсам:
Сегізкөз өрімінің бұлшықеттік тармақтары (rami musculares) ішкі жапқыш бұлшық етті (m. obturatorius internus), алмұрт тәрізді бұлшықетті (m. piriformis), m.quadratus femoris және mm. levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді. Жоғарғы бөксе нерві (n. gluteus superior) бөксе аймағына алмұртүстілік тесік арқылы жамбас астауынан шығып , кіші және ортаңғы бөксе бұлшықеттерін (mm. glutei , minimus et medius)және санның жалпақ шандырын керетін бұлшықетті ( m. tensor fasciaelatae) нервтендіреді. Ал төменгі бөксе нерві (n. gluteus inferior) бөксе аймағына алмұртастылық тесігі арқылы жамбас бұлшықеттеріне өтіп, үлкен бөксе бұлшық етін (m. gluteus maximus) және жамбас –сан буын қабында нервтендіреді. Сегізкөз өрімінің қысқа тармағына жыныс нерві (n. pudendus)- те кіреді. Бұл нерв кіші жамбас қуысынан төменгі алмұртастылық тесік арқылы шығып, кіші шонданай тесігі арқылы шонданай –анал шұңқырына өтіп, ішкі жапқыш бұлшық еттің медиалді бетімен жүріп, жыныс өзегіне (canalis pudendalis) келіп орналасады. Беретін тармақтары: төменгі артқы өтіс нервтері (nervi anales inferiores) артқы өтісті көтеріп тұратын бұлшықетке, және артқы өтістің сыртқы қысқышына, шатаралық нервтерді (nervi perineales) — ол осы төңіректің бұлшықеттері мен терісіне, сыртқы жыныс ағзаларына тармақтарын береді. Шонданай бұдыры деңгейінде diaphragm urogenitale көмегімен жыныс нерві 2 тармаққа бөлінеді, яғни nn. peronei және n. dorsalis penis болып ажыратылады. Бірінші тармақ m. bulbospongiosus, m. transverses perinea superficialis бұлшықеттерімен қоса бұтаралық терісін иннервациялайды. Сонымен қатар n. dorsalis penis, жыныс мүшесі арқалығына өткен соң glans penis терісіне таралады.
104.Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары, олардың қалыптасуы, нервтендіру аймақтары. Уник 91
Сегізкөзөрімі (plexus sacralis) барлық өрімдердің ішіндегі ең көлемдісі болып саналады. Бұл өрім 4 жоғарғы сегізкөз нервілерінің және 5ші бел нервісінің алдыңғы тармақтарынан, сонымен қаоса 4ші жұлын бел нервісінін алдынғы тармағының төменгі бөлігінің арқасында түзіледі. Сондай-ақ осы сегізкөз өрімінің нервінің бір-бірімен бірігуі нәтижесінде шонданай нервісінің жуан сабауына негіз болады. Бұл шонданай сабауы жамбас астауынан алмұртастылық тесік (foramen ingrapirigorne) арқылы шығады. Сегізкөз өрімінің тармақтары ұзын және қысқа тармақтар болып ажыратылады. Негізінен ұзын тармақтар бел өрімінің тармақтары жоқ бөлігін есептемегенде, шамамен бүкіл аяқты нервтендіруге қабілетті болып келеді. Ары қарай сегізкөз өрімінің ұзын тармақтарын атап және сипаттайтын болсам, n. cutaneus femoris posterior жамбас астауынан шонданай нервмен бірге шыққан соң, m. glutcus maximus астымен санның артқы бетіне келеді. Өзінің медиалды жағынан ол бөксенін төменгі бөлігі nю, clunium inferiores - тер мен бұтаралық терілеріне баратын rami perincales тармақшаларын береді. Сонымен қатар, сан мен сирақты артқы жағы терісінде таралатын көптеген тармақтар да бере алады. Шонданай нерві де (nervus ischiadicus) сегізкөз өрімінінің ұзын тармақтарының бірі болып саналады. Ол бөксе аймағына алмұрт тәрізді бұлшықеттің төменгі тесігі арқылы өтіп, бөксе бұлшықеттеріне қарай бет алады. Санның артқы топ шандырлы құндағында орналасқан бұлшықеттерге (санның жазғыштарына, балтырдың бүккіштеріне) және тізе буынына тармақтарын береді. Ол тақым шұңқырында әдетте екі: жуандау медиалды n. tibialis және жіңішкелеу латералды n. peroneus communis тармақтарына бөлінеді. Қосымша түрде шонданай нервінің тармақтарын айтып өтетін болсам,

  • Бұлшыкеттік тармактар, rami musculares

  • Буындық тарма, ramus articularis

  • Бұлшықеттік тармақ, rami musculares

  • Буындык тармактар, rami articulares

  • Жалпы кішіжіліншік нерві, n. peroneus communis

  • Кішіжіліншіңтің терең нерві, n. peroneus profundus

  • Асықты жілік нерві, n. tibialis




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет