Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
109. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі, оның орталық және шеттік бөлімдері.Уник 84,53 Вегетативтік нерв жүйесі – біздің санамызға (еркімізге) байланыссыз жиырылатын, яғни жазық бір салалы бұлшықеттерді (жүректі, ішкі ағзаларды, тамырларды) және бездерді иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар вегетативтік нерв жүйкесі қоректендіру (трофикалық), тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, көбею, заттек алмасу, иммундық, температураны реттеу және гомеостаз сияқты қызметтерді реттеп отырады. Вегетативтік нерв жүйесі тіндер мен ағзалардың сыртқы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына орай бейімделуін қамтамасыз етеді (адаптациялық, трофикалық қызмет) Вегетативті нерв жүйесі топогрфиялық тұрғыдан екіге бөлінеді. А)орталық бөліге-мида және жұлында орналасады. Б) шеткі бөлігі-барлық ағзалар мен тіндерге өтетін.таралу аймағы кең бөлігі. Қызметіне қарай- симпатикалық және парасимпатикалық Мысалы симпатикалық бөліктің жұмысының белсенділігі артқан кезде көз қарашағы үлкейіп,тамырлары тарылып ,бездердің секрециясы бәсеңдейді,жүрек соғысы жиілеп,ішек қимылы тежеледі, ал парасимпатикалық белсенділігі –жүрек соғысы баяулап,ішек қимылы күшейеді,қысқыштар босайды ,бездердің секрециясы күшейеді. Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бҿлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ жҽне кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді. Симпатикалық бөлікке тоқталсақ: Симпатикалық бөлім өзіннің негізгі қызметі жағынан трофикалық болып табылады. • Ағзадағы тотығу және қалпына келу процестерін күшейтеді, трофикалық иммундық,температураның реттелуін,заттек алмасуды қамтамасыз етеді. • Жүректің жиырылуын күшейтеді • Бронхтарды кеңейтеді • Астың сіңіріліун қамтамасыз етеді,асқазан –ішектердің және өт жолдарының перисталтикасын тежейді,сфинктерлерді жиырылтып қысады, • Көз қарашығын кеңейтеді • Тамырларды тарылтып ,теріні бозартады • Омыртқа маңы,яғни симпатикалық бағана түйіндері (ganglia trunci sympathici) және омыртқаалды түйіндер ganglia prevertebralia немесе аралық түйіндер ganglia intermedia тән. • Барлық ағзаларға және тіндерге тармақталып,оларды толық нервтендіреді; ескеретін жағдай симпатикалық нерв талшықтары негізінен әр ағзаны қанмен жабдықтайтын артерияларды қоршап ,өрім түзеп ,артериямен бірге ағзаға еніп,оны иннервациялайды. Симпатикалық екі бөліктен тұрады. 1)Орталық бөлімі (Сегменттік аппараты) -жұлынның C8-L3 сегменттерінің бүйір мүйізіндегі сұр затында орналасқан аралық-латералді ядролардан nuclei intermediolaterales тұрады -осы ядрода орналасқан нейрондардың аксондары,түйін алдылық талшықтар rami preganglinares деп аталады, жұлынның алдыңғы түбіршіктері арқылы шығып,жұлын нервісінің сабауына өтеді де,әрі қарай ақ эәне тармақтармен rami communicantes albi мен бірге бөлініп шығып,симпатикалық сабауға өтеді және оның түйіндерінде үзіліп аяқталады. 2) Шеткі бөлімі Смпатикалық бөліктің шеткі бөлімі бүкіл омыртқа бағанасын бойлай оның екі бүйірінде бассүйек негізінен басталып,құйымшаққа дейін созылып сол жерде төменгі ұштары бір ортақ түйінге тоғысатын екі симмстриялық сабаудан-trunci sympahtici dexter et sinister ден түзіледі. -Симатикалық бағана түйіндері(ganglia trunci sympathici ) немесе омыртқа маңындағы түйіндері (ganglia paravertebralia) жоғарғы мойын түйіннен бастап симпатикалық сабауда парасмпатикалық бөліктің және тіпті анималды нерв жүйесінің элементтері де болады. Жұлынның юраколмюмбалы бөлімнің бүйір мүйіздеріне жайғасқан жасушалар өсінділері жұлыннан алдыңғы түбіршіктер арқылы шығып tami communiconres albi деп аталады да симпатикалық сабауға барады. Симпатикалық сабау түйіндеріне немесе аралық түйіндерден миеленсіз талшықтардан құралған түйіннен кейіні жол кетпеді, ол қан тамырлар мен ішкі ағзаларға барады.Сомалық бөлігі болғандықтан симпатикалық бөлік жұлын нервтерімен байланысты болады. Бұл байланыс түйіннен кейінгі талшықтардың симпатикалық сабау түйіндерінен бастап n.spinalis ке дейінгі бөлігі болатын табылатын сұр дәнекер тармақтар –rami communicantes grisei арқылы іске асыралады. -Түйін артқылық тармақтар rami postganglionares және rami postganglionares лерден құралатын нервтер мен олардың өрімдері -Кеуде және құрсақ аортасы өрімдерінің құрамына кіретін.омыртқа алдында орналасқан симпатикалық түйіндер немесе аралық түйіндер және нерв тармақтары.