1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Симпатикалық сабау. Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендірілетін аймақтар



бет105/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   116
110. Симпатикалық сабау. Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендірілетін аймақтар.
Уник 80
Симпатикалық сабау-truncus sympathicus, - омыртка бағанының бүйірінде орналасатын жұп құрылым. Ол өзара түйінаралық тармақтармен (rr. interganglionares) байланысатын 20-25 түйіннен тұрады.
Симпатикалық сабаудың талшықтары
1.Ганглиаралық (түйінаралық) тармақтар (rami interganglionares) – нерв түйіндерін ір-бірімен байланыстырады, нәтижесінде симпатикалық сабау түзіледі.
2. Сұр байланыстырушы тармақ(ramus communicans gruseus) – симпатикалық сабау түйінін жұлын нервінің сабауымен байланыстыратын тармақ және құрамында түйін арттқылық талшықтар болады.
3. Висцералді тармақтар( rami visceralis)– олар тікелей ағзаларға барады , олардың маңында ағзадан тыс өрімдер түзеді.
Симпатиқалық сабаудың 4 бөлімін ажыртамыз. Олар: мойын,кеуде,бел жән сегізкөз
Симпатиқалық сааудың мойын бөлімі – бассүйек негізінен 1-ші қабыртканың басына дейін созылып , ұйқы артериясының артқы жағында мойынның терең бұлшықеттерінде және мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің алдында орналасады.
Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі үш түйіннен тұрады: жоғарғы мойын ( ganglion crvicale superius) ,ортаңғы мойын( ganglion crvicale medium) және мойын-кеуде немесе жұлдызды түйін ( ganglion crvicothoracium seu stellatum) .
Ортаңғы мойын түйінгі көлемі жағнан орташа.Жұлдызды түйін бір-екі кеуде түйіндерімен бітесе өсіп кеткен төменгі мойын түйінінен тұрады.
Мойын бөлімінен шығатын нервтер мен тармақтар:
1. Түйінаралық тармақтар(rami interganglionares) мойын-кеуде түйіндерін өзара байланыстырушы тармақтар.
2.Сұр дәнекер тармақтар(rami communicantes grusei) – симпатикалық сабауды мойын және жоғарға кеуде нервтерімен байланыстыратын талшықтар; rami communicantes grusei арқылы соманың вазомоторлық және трофикалық үрдістері қамтамасыз етіледі.
3. Ішкі ұйқы нерві ( nervus petrosus profunus) – жоғарғы және ортаңғы мойын түйіндерінен шығып, ішкі ұйқы артериясына барып, оның маңында ішкі ұйқы өрімін ( plexus caroticus inyernus) түзеді. Өрімнен терең тастақтық нерв тарамдалады. Ескеретін жағдай, терең тастақтық нерв бет нервісінің үлкен тастақтық нервімен қосылып,қанат тәрізді канал нервін түзеді де вегатативтік қанат-таңдай түйініне барады.
4. Мойындырық нерві ( nervus jugularis) – жоғары мойын түйінінен басталады, мойындырық тесігі маңында екі тармаққа бөлінеді: бір тармағы кезбе нервтің жоғарғы түйініне,екінші тармағы – тіл жұтқыншақ нервінің төменгі түйініне барады. Симпатиқалық талшықтар көрсетілген невртердің кұрамына кіреді.
5.Омыртқалық нерв( nervus vetebralis) – мойынккеуде немесе жұлдызды түйіннен (ganglion cervicothoracicum seu stellatum) шығады және омыртқа артериясымен қосарлана жүріп,оның айналасында омыртқалық өрімді (plexus vertebralis ) түзеді.
6. Жүректің жоғарғы, ортаңғы және төменгі мойын нервтері ( nervus cardiacus cervicalis surperior,nervus cardiacus cervicalis medius et nervus cardiacus cervicalis inferior) – сәйкес мойын түйіндерінен басталады және жүректің нерв өрімінің құрамына кіреді
7. Сыртқы ұйқы нервтері ( nervi carotici externi) – жоғарғы және ортаңғы мойын түйіндерінен шығып, сыртқы ұйқы артериясымен қосарла жүріп, оның айналасында сыртқы ұйқы өрімін ( plexus caroticus externus) түзеді
8. Көмей-жұтқыншақ тармақтары ( rami laryngopharingei) – жоғарғы мойын түйінінен шығып, жұтқыншақтың бүйір қабырғасына келеді де, осы жерде тілжұтқыншак,кезде және жоғарғы көмей нервтерімен бірге жұтқыншақ өрімін (plexus pharingei) – түзуге қатынасады дәне дәнекер тармақтары арқылы жоғарғы көмерлік нервке қосылып көмейді нервтендіреді.
9. Бұғана астылық тармақтар (rami subclavici) – мойынкеуде немесе жұлдызды түйіннен ( ganglion cervicothoracicum seu stellatum) бұғаналық ілмек ( ansa subclavia) құрап шығады. Бұғана астылық тармақтар бұғана асты артериясын қоншайтын және әрі қарай қолтық артериясына, иық,билек пен қол ұщынығ артерияларына баратын өрімдер түзеді, осылай иық білдеуі мен қолдың вазомоторлық және грофиқалық үрдістері қамтамасыз етіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет