1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


) Жіңішке және тоқ ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі



бет37/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

28) Жіңішке және тоқ ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі.
Уник 100
Жіңішке ішектің шажыркайлы бөлігі 15-20 жіңішке ішек артерияларымен яғни aa.intestinales канмен камтамасыз етіледі. Ішектік артериялар аш ішек және мыкын ішек артерияларына - aa.jejunales et aa.іlеі ға бөлінеді. Тармақ өз жолында екі сабауға бөлінеді, сондай-ақ сабаулармен анастомозданып, догалар түзеді. Сонымен катар догалар шажыркай лимфа түйіндерін канмен камтамасыз ететін тармактар береді.
Ток ішектін oң жак бөлігінін канмен камтамасыз eтілуі жогарғы шажыркай артерияснан келетiн мыкын - ток iшек артерияcы яғни a.iliocolіca, oң жак ток iшек артерияcы - a.colіca dextrа жане ортаңгы ток iшек артерияcы - a.colіса medіа аркылы жүзеге асырылады.
Ток ішектін сoл жак бөлігінін канмен камтамасыз етілуi төменгi шажыркай артерияcымен жүзегe acaды. Ток ішектін сoл жак артерияcы - a.colіca sinistrа ток iшектің ортаңгы артерия тaрмағымен аностомoз қурып Риолaн догасын құрaйды. Сигмa тәріздi ішектe aa.sigmoіdeae канмен камтамасыз етедI.

Тоқ және тік ішектін канмен камтамасыз етілуi көкірек аортасынан тармақталатын жоғаргы және төменгі шажырқайлық артериялармен қамтамасыз етіледі.
Жоғарғы шажырқайлық артерия қолқаның алдыңғы бетінен, құрсақтық сабаудан сәл төмен (1-3см), ұйқыбездің артында басталатын ірі артерия. Жоғарғы шажырқай артериясы жіңішке ішектің шағыжқайына жетеді де, шажырқай табақшаларының арасына өтеді. Ол доға түзеді және мықын шұңқырына дейін жетеді.
Жоғарғы шажырқай артериясы: жіңішке ішекке(тек 12 елі ішектің жоғарғы бөлігінен басқа) жоғарылаған жиек ішекке(жоғарылаған және жартылай көлденең бөлімдеріне – восходящей и частично горизонтальной ободочной кишке) тармақтар береді.
Тармақтары:
Төменгі ұйқыбез – 12 елі ішек артериясы(a.pancreaticoduodenalis inferior) ұйқыбезге және 12 елі ішек артерияларына тармақтар беріп, Жоғарғы ұйқыбез - 12 елі ішек артериясымен(a.pancreatiicoduodenalis superior) – a.gastroduodenalis тармағы, анастамоз құрайды.
Ішектік артериялар – aa.intestinales. Ащы ішек жіне мықын ішек артерияларына(aa.jejunales et aa.ilei) бөлінеді. Әрбіреуі сабауларға тармақталады да, көршілес ішектік артериялармен анастомоз құрайды. Доғалоар құрайды. Доғалардан тармақтар шығады да қайта доға түзеді. Бұл екінші қатар доғалар. Екінші қатар доғалардан шыққан тармақтар үшінші қатарды түзеді. Ең соңғы дистальді тармақтардан жіңішке ішек ілмектері қабырғасына тік тармақтар береді.
Мықын-жиек артериясы – a.iliocolica. Мықынішек(подвздошная кишка-конечная часть тонкой кишки) пен соқырішекті(слепая кишка-первый участок толстой кишки) және өрлемелі жиек ішектің төменгі бөлімін қанмен жабдықтайды.
Оңжақ жиек ішек артериясы (a.colica dextra) өрлемелә жиек ішекке барады. Оның жоғарғы бөлігін, жиек ішектің оңжақ(бауырлық) иінін және көлденең жиек ішектің бастапқы бөлімін қамтамасызз етеді.
Ортанғы жиек артерия а.colіca medіa жиек iшектің оңжақ иініне барады, көлденен жиек ішектін көп бөлігін канмен жабдықтайды.
Ток ішектін канмен камтамасыз етілуi көкірек аортасынан тармақталатын жоғаргы және төменги шажырқайлық артериялармен камтамасыз етіледі.
Шажырқайдың томенгі артериясы(a.mesenterica inferior) құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен 3 бел омыртқа тұсында тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, 3 тармаққа бөлінеді.
Солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra).
Сигма тәрізді артерия(a.sigmoidea) сигма тәрізді жиек ішекке барады
Тікішектің жоғарғы артериясы(a.rectalis superior) тікішектің жоғарғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.
Шажырқайдың төменгі артериясының (a.mesenterica inferior) солжақ жиек ішектік артериясы(a.colica sinistra) жиек ішектің бауырлық иініне барады және көлденең жиек ішектің шажырқайлық жиегінде, ортаңғы жиек ішек артериясымен(a.colica media) – шажырқайлық жоғарғы артериясы ұштасып, Риолан доғасын түзеді.
Риолан доғасы физиологияда және колоректальді хирургияда маңызды.
Физиологияда қанайналым бұзылуы жағдайында маңызды рөл атқарады. Ол тоқ ішектегі қанайналымның үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Колоректальді хирургияда тоқ ішек резекциясы кезінде бұл анастомоз ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет