1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет90/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   119
 
103. Тер және май бездері, тырнақтар. 
Тырнактар, ungues (грекше, onychos) эпидермис туындылары, олар аздап 
көлденең мүйізді табақша түрінде бұдырайған, ішкі бетінен саусақ пен башайлармен 
қоршалып тұрады.
Тырнақтар кұрсақішкі дамуының үшінші айынан бастап дами бастайды. Жетіліп туылған 
нәрестелерде олар саусақ бунақтарынан аздап көтеріліп тұрады.
Тырнақта оның денесін, corpus unguis, түбірін, radix unguis, және төрт ұшын: 
саусақ ұшынан көрініп тұратын бос шетін, margo liber; тырнақтың проксималды 
бөлігіндегі жасырын ұшын, margo occultus және екі латералді бүйірлік ұштарын, 
margines laterals, айырады.
Тырнақ өз қойнауында, matrix unguis, жатады, бұл қойнау меншікті терінің және 
эпидермистің өскіндік қабытынан түзіледі. Тырнақ қойнауы беткейінде көлденең өтетін 
тырнақ қойнауы қырлары, cristae matricis unguis болады.
Тырнақ койнауы проксималды бөлікте және бүйірлері жағынан койнау жүлгесімен, 
sulcus matricis, шектелінеді ол өзіне тырнақ түбірі енетін тұсында тереңірек:
1. sulci cutis
2. cristae cutis
3. pori sudoriferi болады.
Жүлге үстінде тырнақ білігі, vallum unguis, шодырайып шығып орнығады.


Тырнақ қойнауының өскіндік эпителийі есебінен, тырнақтың өсуі орын алады, ол әсіресе 
тырнақ түбірі тұсында аса дамыған болады. Осы жер тырнақ табақшасы арқылы жарты ай 
түрінде, lunula, бейнеленіп көрінетін болады. 
Теріде үш түрлі бездер орналасқан:
тер, май және сүт бездері 
Тер бездері – тері жабынының барлық бөлігінде болады – 2,5 млн-дай, әсіресе: 
алақанда, табанда, өкшеде, қолтықта, бұтаралықта, шап қатпарларында, тақымда көп 
шоғырланған (бұл жерлерде 1 см
2
-қа 300 без ағыны ашылады, ал басқа бөліктерде 120-200-
ге дейін болады).
Тер бездері:
мерокринді (эккринді) және апокринді болады. 
Апокринді бездер 
қолтық асты ойысында, анус айналасында, маңдай терісінде және сыртқы 
жыныс ағзаларында (үлкен жыныс ернеуінде, ұмада) болады. Қас бездері мен құлақтың 
күкіртті заттары тер бездерінің туындысы болып саналады.
Эккрин бездері
- сұйық секрет бөлетін жай мекриндік бездер. Апокриндік бездер кәнігі 
мерокриндік бездер саналмайды, себебі секрет бөлу кезінде олардың безді жасушалары 
жартылай үзілгенімен, ыдырап бұзылмайды. 
Май бездері – дерманың емізікшелі және торлы қабатында орналасады, 
шаштармен байланысқан, шаш талшығы жоқ жерде бос (еркін) жатады.
Май бездері: баста, бетте және арқаның омыртқа жотасының аймағында көп болады.
Май бездерінің өзектері шаштардың (түктердің) түбіріне ашылып, шаштарға, түктерге, 
теріге май бөледі. Май бездерінен бөлінген май теріні, шашты құрғап кетуден сақтайды 
және теріге суды өткізбейді, сонымен қатар терінің жұмсақтығы мен серпімділігін 
қамтамасыз етеді. 
Тәулігіне 20 г шамасында тері майы өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет