Жүрек терт камерадан тұрады: оң жүрекше, atrium dextrum мен сол жүрекшеден, atrium
sinistrum және оң қарынша ventriculus dexter мен сол қарыншадан, atrium sinistrum тұрады.
Әрбір жүрекше сәйкес қарыншалармен байланысады. Оң жүрекше мен оң қарынша, сол
жүрекше мен сол қарыншадан қалқамен бөлінген. Әрбір жүрекше сәйкес қарыншамен
жүрекше қарынша тесігі, ostium atrioventricular, арқылы байланысады. Жүректе 2 тесік:
біріншісі, оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, оң жүрекше-карынша тесігі, ostium
atrioventricular dextrum, екіншісі, сол жүрекше мен сол қарыншаныц аралығында, сол
жүрекше-қарынша тесігі, ostium atrioventricular sinistrum, бар.
Оң жақ жүрекше atrium dextrum, текше тәрізді, жүрек түбінде оңға және қолқа мен өкпе
діңінің артында орналасқан.
Оң жүрекшенің ішкі бетінің көрінісі әркелкі. Ішкі және артқы қабырғалары тегіс, бірақ
сыртқы және алдыңғы беті бұдырлы болып келеді. Оның себебі жоғарғы және төменгі
бұлшықеттік бұдырлары бар бұлшықеттер орналасқандықтан.
Оң жүрекшенің кеңейген бөлігі - қуыс веналар қойнауы, sinus venarum cavarum, деп
атайды. Жүрекшенің тарылған бөлігі алдынан оң құлақшаға, auricula dextra, жалғасады.
Жүрекшенің екі бөлігі сыртқы бетінде шекаралық жүлгемен, sulcus terminalis, бөлінген.
Оң жақ қарынша, ventriculus dexter пирамида пішінді, қабырғасының қалыңдығы 5-7 мм.
Қуысы 2 бөлікке: 1) денесі оң жақ жүрекше-қарынша тесігіне жақын бөлігі; 2)артериялық
конус өкпе сабауының тесігіне жақын, оң жақ қарыншаның алдыңғы жоғарғы бөлігі
болып бөлінеді.
Үшжармалы қақпақ 3 үшбүрыш пішіндес жармалардан, cuspides: қалқалық жарма, cuspis
septalis, артқы жарма, cuspis posterior, алдыңғы жармадан, cuspis anterior, тұрады. Барлық
үш жарма өздерінің бос жиектерімен оң қарынша қуысына енеді.
Оң қарыншаның артқы және алдыңғы бөліктерінің арасында жақсы айқындалған
бұлшықеттік буылтық, қарыншаүсті қыры, crista supraventricularis, орналасады.
Сол жақ жүрекше, atrium sinistrum дұрыс емес текше пішінді оң жүрекшеге қарағанда
жіңішкелеу және ұзындау. Артқы жағы төмендемелі аортамен және өңешпен жанасқан.
Бұл жүрекшеге кіретін қантамырлар- өкпе веналары, екі-екеуден оңжақ және солжақтан
жалғасады.
Солжақ жүрекше-қарынша қақпақшасы қосжармалы: 1) алдыңғы жарма, cuspis anterior
2)артқы жарма, cuspis posterior.
Достарыңызбен бөлісу: