126 Вегетативтік жамбастық өрімдер,тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Симпатикалық сабаудың жамбас бөлігі,
pars pelvina trunci sympathici
, сегізкөз сүйектің
жамбастық бетінде сегізкөз тесіктерінен медиалді жатады.
Симпатикалық сабаудың жамбас бөлігінің тармактары:
1) Дәнекер тармақтар, rami communicantes,
әрбір түйіннің латералді бетінен
тармақталып, сегізкөз және құйымшақ нервтердің алдыңғы тармактарының құрамына
кіріп, осы нервтердің құрамында тұлға мен аяқ бұлшықеттері мен тамырларына, тері
бездері мен шаш бүлшықеттеріне жетеді.
2) Ағзалық тармақтар, rami viscerales,
симпатикалық сабаудың симпатикалық
түйіндерінің медиалді жиегінен тармақталып, кіші жамбас астауы өрімдерінің құрамында
осы қуыстағы ағзаларға жетеді.
Шажырқай аралық өрім төмен жүре отырып, жалпы мықын артериясында жұп жалпы
мықын өрімін (plexus iliacus communis), ал сегізкөздің алдыңғы бетінде – сыңар жоғарғы
құрсақастылық өрім (plexus hypogastricus superior) түзейді. Жалпы мықын өрімі аттас
артерия тармақтары бойымен жүре отырып, ішкі мықын өрімі түрінде жұп төменгі
құрсақүстілік өріммен анастомозданады.
Төменгі құрсақасты өрім (plexus hypogastricus inferior) –
жамбас өрімі (plexus pelvicus)
негізі болып табылады. Сонымен бірге, жамбас өрімінің құрамына түйінге дейінгі
преганглионарлы парасимпатикалық талшықтары, ішкі ағзалық сегізкөз нервтері, сегізкөз
симпатикалық түйін тармақтары бар жамбас түйіндері (ganglia pelvica), ішкі ағзалық
жамбас нервтері (nervi splanchnici pelvici) кіреді.
Жамбас өрімінің нерв өрімдерінің туындыларына:
ортаңғы және төменгі тік ішек өрімі (plexus rectalis medius et plexus rectalis inferior),
несеп қуық өрімі (plexus vesicalis),
жатыр-қынап өрімі(plexus uterovaginalis),
қуықасты без өрімі (plexus prostaticus),
шәует шығаратын түтік өрімі (plexus deferentialis),
жоғарғы артқы өтіс нервтері (nervi anales superiores),
қынаптық нервтер (nervi vaginales),
деліткінің үңгірлік нервтері (nervi cavernosi clitoridis)немесе еркек жыныс
мүшесінің үңгірлік нервтері (nervi cavernosi penis) жатады.