124.Вегетативтік кеуделік өрімдер, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Кеуденің автономдық өрімі Кеуде қуысында симпатикалық сабаудың кеуде түйіндерінен және кезбе нервтің
тармақтарынан, сонымен бірге ұсақ омыртқа алдындағы түйіндерден ағзадан тыс өрімдер
түзіледі. Өрімдердің құрамында түйінге дейінгі преганглионарлы және түйіннен кейінгі
постганглионарлы талшықтары, жұлындық және булбарлық сезімтал талшықтары болады.
I және XII кеуде омыртқалары деңгейінде омыртқа бағанының жан-жағында жатады.
Симпатикалық сабау қабырғалардың артқы шетінің алдында орналасып, қабырғааралық
тамырларды алдынан кесіп өтіп, кеуде ішкі шандырының табағы мен қабырғалык
өкпеқаппен ғана жабылған. Он симпатикалык сабаудан медиалді сыңар вена, ал сол
сабаудан медиалдіжартылай сыңар вена өтеді.
Жүрек өрімі (plexus cardiacus) мойынның тиісті симпатикалық ганглилерінен шығатын
(жүректің жоғарғы мойындық нерві, жүректің ортаңғы мойындық нерві, жүректің төменгі
мойындық нерві), жоғарғы кеуделік симпатикалық түйіндерден шығатын жүректің
кеуделік нервтерінен, жүректің интрамуралді түйініне өтетін, жүректен тыс беткей және
терең өрімдер түзейтін кезбе нервтің жүректік тармақтарынан құралады. Тәждік артерия
өріміне және жүрекше мен қарынша миокардтарының өрімдеріне ерекше көңіл қойылады.
Өкпе өрімі (plexus pulmonalis) кеңірдектің кеуделік бөлігінің өрімдерін және
бронхтардың өрімдерін біріктіреді. Жүректің төменгі нервтеріннен, жоғарғы кеуделік
симпатикалық түйіндерден және кезбе нервтің тармақтарынан құралады.
Өңеш өрімі (plexus oesophageus) кезбе нервтің және симпатикалық сабаудың кеуделік
түйін тармақтарынан түзілген. Өңештің қабырғасына кіргеннен кейін, өрімдердің
тармақтары оның интрамуралды өрімін түзейді.
Кеуде қолқасының өрімі (plexus aorticus thoracicus) симпатикалық сабаудың жоғарғы
кеуделік түйінінің тармақтарынан, жүрек және өңеш өрімдерінің тармақтарынан түзіледі.
Өрім қолқа доғасының тармақтары, артқы қабырғааралық артериялар, жоғарғы көкеттік
артериялар бойымен жүре отырып, төменде құрсақтың қолқалық өріміне өтеді. Кеуде
қуысының барлық өрімдері дәнекер тармақтарымен бірге ауысып, бірыңғай өрім түзейді.