Іштің автономдық өрімі
Іш қуысында қолқаның төмендеген бөлігі маңында іштің қолқалық өрімі (plexus
aorticus abdominalis) орналасады. Жоғарыда ол кеуделік қолқалық өріммен байланысқан,
төменде ол жалпы мықын артериясының жұп өріміне және сыңар жоғарғы іштік өрімге
ауысып кетеді. Өрім құрамы жағынан күрделі талшықты тармақтардан тұратын, омыртқа
алдындағы (превертебралдық) түйіндерден және түйінаралық тармақтардан тұрады.
Өрімге түйін алдындағы және түйіннен кейінгі талшықтары бар, үлкен және кіші ішкі
ағзалық нервтер, түйінге дейінгі преганглионарлы парасимпатикалық талшықтары бар
кезбе нервтің тармақтары, түйінге дейінгі преганглионарлы симпатикалық талшықтары
бар белдік симпатикалық түйіндердің ішкі ағзалық тармақтары, көкет нервінің оң жақ
тармақтары келеді. Сонымен бірге, іш қолқасының өріміне келетін вегетативтік
тармақтардың құрамында жұлын талшықтарының сезімтал тармақтары да келетінін
ескеру керек. Іш қолқасының өрімінде іштің (сәулелік) өрімін және шажырқайаралық
өрімдерін бөледі.
Тармақтары мен нервтендіру аймақтары
1) Дәнекер тармақтар, rami соттиnicantes, симпатикалық сабаудың әрбір түйінінің
латералді жиегінен тармақталып, сәйкес қабырғааралық нервтерге бағытталады; олар екеу
немесе одан көп тармак мөлшерінде берілген түйін деңгейінде жататын қабырғааралык
нервке және жоғарғы және төмен жатқан нервке қосылады.
2) Кеуделік жүректік нервтер, nervi cardiaci thoracici, негізінен бірінші кеуде түйінінен
тармақталады. Жүрек жолында төменгі мойын немесе жүлдызша түйінінің төменгі
жүректік нерві мен кеуделік жүректік нервтер, сонымен қатар кезбе нервтің жүректік
тармақтарының арасында дәнекер тармақтар бар.
3) Кезбе нервпен дэнекер тармақтар.
4) Қайырылма нервпен дәнекер тармақтар.
5) Жоғарғы 5-6 түйіннің медиалді жиегінен тармақталатын жіңішке тармақтар, кеуде
куысында орналасатын ішкі ағзалар мен тамырларды нервтендіреді. Бірнеше қатар
тармақтар медиалді бағытталып, кабырғааралық тамырлар, сыңар вена (оңынан) және
жартылай сыңар вена (солдан), сонымен бірге кеуде түтігі кабырғасына жетеді, қалған
тармақ кеуделік қолқалық өрім, plexus aorticus thoracicus, құрамына кіреді, ол өзінің
бастапқы бөлімінде жалпы жүректік өріммен, төменнен - кұрсактык өріммен және оның
туындыларымен байланысқан; оның кейбір тармақтар қатары ішкі ағзалар өрімдеріне:
өңештік тармақтар, rami esophagei, өңештік өрімге, plexus esophageus, өкпелік және
бронхтық тармақтар, rami bronchioles et pulmonales — өкпелік жэне бронхтық өрімге,
plexus pulmonalis et bronchialis, кіреді. Барлық көрсетілген тармақтар симпатикалық
сабаудан медиалді орналасып, өз жолында әртүрлі көлемді нерв түйіншелері бар
ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі жіңішке тармақтармен өзара байланысады.
6) Ішкі ағзалық нерв, п. splanchnicus major, V-IX кеуде түйіндерінің алдыңғы медиалді
бетінен 3-5 тармақтарымен басталады. Нервті құрайтын барлық тармақтары омыртқа
денесінің бүйір бетінде орналасып, ІХ-Х омыртқалар деңгейінде бір сабауға бірігеді, ол
көкеттің бел бөлігіне төмен және медиалді бағытталады. Кейін көкеттің ортаңғы және
медиалді аяқшаларының арасымен (оңынан сыңар венамен, солдан - жартылай сыңар
венамен бірге) жүріп, кұрсақ куысына кіреді, қысқа сабау түрінде кұрсақтық өрім, plexus
cealiacus, кұрамына кіреді. Одан нерв жолымен кеуделік қолқалық өрімге, кіші ағзалық
нервті түзетін тармақтарға және көкірекаралық өкпеқапқа баратын сабаушалар
тармақталады. Ішкі ағзалык нервке дара сабауішілік нерв жасушалары кіріп, кішірек
ағзалық түйін, ganglion splanchnicum, түзеді.
7) Кіші ағзалық нерв, п. splanchnicus minor, Х-ХІ кеуде түйіндерінен екі-үш тармақпен
басталып, үлкен ағзалык нерв бағытымен жүреді және онымен бірге көкет арқылы кұрсақ
қуысына кіріп, бірнеше қатар тармақтарға бөлінеді. Тармақтарының кішкене бөлігі
күрсақтық өрімі құрамына, үлкен бөлігі - бүйрек өрімі құрамына кіреді.
8) Ең төменгі (немесе ең кіші) ағзалык нерв, п. splanchnicus minimus (s.imus), XII (кеуде
XI) кеуде түйінінен басталатын тұрақсыз тармақ, кіші ағзалық нерв жолымен жүріп,
бүйрек өрімі құрамына кіреді. Барлық үш ағзалык нервтер құрсак қуысы ағзаларын -
асқазанды, бауырды, үйқыбезді, ішектерді, көкбауырды және бүйректі, сонымен қатар
кеуде куысы мен іштің қан және лимфа тамырларын нервтендіруге қатысатын өрімдер
кұрамына кіреді.
125.Вегетативті құрсақтық өрімдер,тармақтары,нервтендіру аймақтары.
Құрсактық өрім,plexus celiacus, құрамында превертебралді құрсақтық түйін, ganglion
сеliacum, немесе жартылай айтәрізді түйіндері, ganglia semilunaria бар вегетативтік
өрімдердің ең ірі өрімі.
Ол оған жакындайтын нерв сабаулары мен оның құрамына кіретін түйіндер санына
және осы ірі конгломераттың пішіні бойынша өзгермелі.
Құрсактық өрім, кұрсақтық сабау негізінің жан-жағында орналасатын тақ құрылым, ол
латералді бүйрекүсті бездеріне дейін таралады. Өрім өзінің жоғарғы бөлігімен кеуделік
қолқа өрімімен, төменгі бөлігімен жоғарғы шажырқай өрімімен байланысқан. Өрім
әртүрлі көлемді және пішінді симпатикалық кұрсақтық өрімдер, ganglia сеііаса,
конгломераты түрінде, өзара ұзындығы мен қалындағы әртүрлі дәнекер тармақтармен
байланысқан. Құрсақтық өрімнің даму дәрежесіне тәуелді оның түйіндері ішінде екі ірі -
оң және сол жарты айтәрізді түйіндері, ganglia semilunaria, ажыратады.
Құрсақтык өрімге келесі тармақтарын береді:
а) Үлкен ағзалық нерв, п. splanchnicus major.
б) Кіші ағзалык нерв, п. splanchnicus minor.
в) Кезбе нерв, п. vagus, құрсақтық тармақтарын, rami celiaca.
г) Симпатикалық сабаудың бел түйіндері, ganglia lumbalia trunci sympathici.
д) Кеуде қолқа өрімі, plexus aorticus thoracicus.
е) Көкет нерві, n. phrenicus, тек соңы кұрсақтык өрімнің парасимпатикалық бөлігінің
қалыптасуына оң және сол көкет нервтер қатысады.
Құрсактық өрімнің құрамына кезбе нервтердің жалпы артқы сабауының көп бөлігі
кіреді. Құрсақтык өрімнен екінші реттік өрімдер түзетін ұзындығы мен қалыңдығы
әртүрлі нерв тармақтары таралады. Осы тармақтар жолында және түзетін екінші реттік
өрімдер тармақтары ішінде ганглионарлық жасушалар бар. Олардың біреулері
тармақтардан тысқары әртүрлі көлемді түйіндер түзеді, қалғандары жеке сабау ішкі нерв
жасушалары түрінде шашырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |