1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі және веналық қанның ағу жолдары



Pdf көрінісі
бет36/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

49. Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі және веналық қанның ағу жолдары. 
Тік ішектің ішкі веналық өрімі тік ішектің шырышасты негізі мен сыртқы өтіс 
айналасында теріасты орналасады. 
б) Тік ішектің сыртқы веналық өрімі тік ішектің бұлшықеттік қабаты бетіндегі дәнекер 
тінде орналасады. 
Тік ішектің ішкі веналық өрімінен қан тік ішектің бұлшықеттік қабығын тесіп өтетін ұсақ 
веналарымен тік ішектің сыртқы веналық өріміне бағытталады. Осы жерден қан үш жол 
бойынша ағады. Тік ішектің жоғарғы бөлімінен жоғарғы тік ішек венасы, v. rectalis 
superior, арқылы төменгі шажырқай венасына, v. mesen- terica inferior, ағады. Тік ішектің 
ортаңғы бөлімінен өз жолында несепқуықтық веналарды, қуықасты безінің және шәует 
қуықшалары веналарын (әйелдерде жатыр мен қынап) қабылдайтын жұп ортаңғы тік ішек 
веналары, vv. rectales mediae, арқылы ішкі мықын венаға ағады. Тік ішектің теменгі 
бөлімінен, сыртқы өтіс аймағынан жұп төменгі тік ішек веналары, vv. rectales inferiores, 
арқылы v. pudenda internaға ағады. 
Өрім қуықасты без, несепқуықтың төменгі бөлімі, несеп шығаратын өзек, несепқуықалды 
кеңістігінің шелмай кішкене веналарынан және еркек жыныс мүшесінің терең сыртқы 
венасынан, v. dorsalis penis profunda, және жартылай еркек жыныс мүшесінің терең 
веналарынан, vv. рrofundae penis, ipi веналарды қабылдайды. 
а) Еркек жыныс мүшесінің терең сыртқы 
венасы, v. dorsalis penis profunda, (v. dorsalis clitoridis profunda), glans, preputium 
веналарынан corona glandis аймағында басталып, sulcus dorsalis penis-те екі aa. dorsales 
penis арасында жатады. 
Өз жолында еркек жыныс мүшесі (деліткі) терісінен, оның үңгірлі денелерінен және 
ұмадан (ернеулер) веналарды қабылдайды. 
б) Еркек жыныс мүшесінің терең веналары, vv. profundae penis (clitoridis), еркек жыныс 
мүшесінен (деліткіден) қанды жинап, одан аяғының ішкі бетінен шығады және шат 
сүйектің төменгі тармағын орап, жартылай қуықасты бездің веналық өріміне және 
несепқуықтың веналық өріміне (әйелдерде) қүйылады. 
Plexus prostaticus-тан қан v. iliaca interna- га, V pudenda interna-ға., сонымен қатар, 


plexus vesicalis жэне vv. vesicalesке ағады. 
5.Жатырдың веналық өрім plexus venosus uterinus —жатыр мойнының бүйір бетінде, 
parametrium-де, қынаптың артқы және бүйір қабырғасы аймағында орналасатын ірі өрім. 
Ол сыртқы жыныс ағзалары веналарымен, тік ішек, несепқуық веналық өрімдерімен, 
сонымен қатар, сабақты өріммен, plexus pampiniformis ovarii, байланысқан. 
Бұл өрім қанды жағырдан, қынаптан, жатыр түтігінен және жалпақ жалғамадан 
жинайды. 
Қан жатырдан жатыр веналары, vv. uterinae, арқылы жатыр денесінің жоғарғы бөлімі мен 
түбінен, жатырдың жұмыр және жалпақ жалғамаларынан анабездің сабақты өріміне, 
plexus pampiniformis ovarii', жатыр денесінің төменгі бөлімі мен жатыр мойнының 
жоғарғы бөлігінен v. iliaca internaға', жатыр мойнының төменгі бөлігі мен қынаптан (v. 
pudenda interna арқылы) v. iliaca internaға ағады. 
6. Қынаптың веналық өрімі,plexus venosus vaginalis - қанды қынап қабырғасынан жинайды 
және жатырдың веналық өрімімен байланысы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет