7) кеуде алдындағы түйіндер кеуде ішілік артерия бойында орналасқан. Олар лимфаны
сүт безінің төменгі және жоғар- ғы медиалды квадранттарынан алады. Бұл тамырлар кеуде
аралығыныңалдыңғы, кейде тікелей артқы аралығына және бұғана үсті лимфа түйіндеріне
өтеді;
8) кеуде бүлшықеттері арасындағы лимфа түйіндер (nodi lym phatici interpectoralis) үлкен
және кіші кеуде бүлшықеттер арасында орналасады. Бүл түйіндерге лимфа - сүт безінің
жоғарғы сыртқы квадрантынан келеді. Эфференттік тамыр- лар қолтық және бүғанасты
бездерге құяды;
9) кеуде бұлшықетінің астындағы лимфа түйіндер (nodi lym phatici subpectoralis) кеуденің
кіші бұлшықеті астында ор- наласып, қолтық бездерімен байланысады. Олардан лим- фа
кейде бұғана үстілік түйіндерге күяды. Кеуде астылық түйіндерге лимфа - сүт безінің
жоғарғы медиалды және ла- тералды квадранттарынан келеді;
10) ішастар артындағы лимфа түйіндері - лимфаны сүт безінің төменгі (әсіресе медиалды)
квадрантынан алады. Бұл ағыс жолы метастаздың құрсақ қуысына және кіші жамбасқа
өтуіне себеп болады;лицензия
11) шап аймағы лимфа түйіндері - құрсақ қуысынан немесе құрсақ қабырғасынан тараған
метастаздар шап аймағының лимфа тамырларына таралуы мүмкін. Осылай сүт безінің
лимфа тамырларының бәрі қолтықтағы түйіндер арқылы өтеді. Сүт безінің қатерлі ісігінде
метастаз безден алыстағы аймақтарға да таралуы мүмкін.
-Өңештің лимфа тамырлары шырышты және бұлшықеттік қабықтардың лимфа
капилляр торынан және шырышасты негіздің лимфа өрімінен түзіледі. Өңештің жоғарғы
ұшының әкетуші лимфа тамырлары кеңірдектің, ішкі мойындырық және артқы
көкірекаралық лимфа түйіндеріне; ортаңғы үшінен - артқы кокірекаралық, томенгі үшінеи
- сол асқазан лимфа түйіндеріне бағытталады.
-Төменгі ерін мен иекастының лимфа тамырлары иекастылық лимфа түйіндеріне,
nodi lymphatici submentales, бағытталады. Олар тіласты сүйектің денесінде орналасып, тіл
ұшының лимфа тамырларынан лимфаны жинайды.
Тілдік лимфа түйіндері, nodi lymphatici lingunales, тіл түбірінің бүйірінде
орналасады.
Тілдің лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінеді, беткей-шырышты
қабықтың лимфа тамырлары торынан басталады және тереңі қантамырлармен қосарлана
жүреді. Екі топ тамырлар тілдік лимфа түйіндеріне,
nodi lymphatici linguales енеді.
Тілдің әкетуші тамырлары,
nodi cervicales profundi, submandibulares et submentales,
бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: