1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


-туылғаннан кейін valvula venae cavae inferior және tuberculum іntervenosum кері



Pdf көрінісі
бет38/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

-туылғаннан кейін valvula venae cavae inferior және tuberculum іntervenosum кері 
дамиды (редукцияға ұшырайды). Артериялық түтік 8-10 күнде, кейде екі жетіден 6 
айға дейін сақталып, жабылады да, артериялық жалғамаға (lig arteriosum) айналады 
(Д.Е. Жаныбековтың, 2009ж., деректері бойынша балаларда 88% жағдайда 
артериялық түтіктің анатомиялық жабылуы екінші айда, ал қалған балаларда 1 
жылда аяқталады). Сопақша тесік 2 жетіде жабылып, сопақша шұңқыр түзіледі 
(fossa ovalis) (сопақша тесік 6 ай немесе 1 жыл сақталуы мүмкін, 1/3 жағдайда 
бітпейді). A. umbilicalis 2-3 күнде, v.umbilicalis  6-7 күнде жабылады. 
. Нәрестедегі қанайналым ерекшеліктері: 1-плацента (бала жолдасы), 2-кіндік 
артериялары, 3- кіндік венасы, 4-қақпа венасы, 5-веналық түтік, 6-төменгі қуыс вена, 7-
оңжақ жүрекше, 8-жоғарғы қуыс вена, 9-артериялық түтік, 10-аорта доғасы, 11-кіндік 
артериялары 
53. Лимфа жүйесінің звенолары. Лимфа жүйесінің функциялары және практикалық 
маңызы.
Лимфа жүйесі (systema lymphaticum) қан тамыр жүйесінің бөлігі болып саналады,веналар 
жүйесінің қызметін толықтырады.Лимфа жүйесі организмнің зат алмасуына 
қатысып,тіндер мен жасушлардан зат алмасу қалдықтарын,табиғаты бөтен заттарды 
шығарады.Лимфа жүйесінің құрамы:ағзалар мен тіндерде тарамдаған лимфа 
капиллярлары,лимфа тамырлары,лимфа түйіндері,веналар жүйесіне барып құятын ірі 
лимфа тамырлары. 
Лимфа жүйесінің звенозасы: лимфалық арнаның тұйық ұшы лимфокапилляр торы 
түрінде ағза тіндерін шырмап жататын лимфокапилляр тамырларынан басталады. 
Лимфокапилляр тамырлары ағзаішілік ұсақ лимфа тамырлары өрім ретінде айналады.Ол 
өрімдер одан ары жоғары лимфа түйіндерімен үзіліп отыратын ірілеу әкетуші лимфа 
тамырлары ағзадан шығады.Мұны ағзадан әкетуші тамырлары деп аталады.Лимфа 
түйініне жақындағанда аты-лимфаға әкелуші тамыр болып өзгереді. 


Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларынан,одан әрі дененің басты түтіктеріне –оң жақ 
лимфа түтігі, кеуде түтігі осылар ірі мойын веналарына құйылады. 
Функциясы: Лимфа жүйесі организмнің зат алмасуына қатысып, тіндер мен 
жасушалардан зат алмасу қалдықтарын, табиғаты бөтен заттарды (бактерияларды) 
шығарады. 
1)лимфаның түзілуі мен ағысы, лимфаның құрамында ақуызды коллоидты ерітінділері, 
кристаллоидтар, жасушалық элементтер, (лимфоциттер, эозинофилдер және т.б.) 
бактериялар және организмнің өлген жасушаларының қалдықтары бар; 
2) тіндерде интерстициалды сұйықтықтардың көлемі мен құрамының тұрақтылығын 
қамтамасыз ету; 
3)тіндік сұйықтық, лимфа түзілістері мен қан арасындағы гуморалдық байланыс; 
4)ішектердегі майлардың ыдырауындағы заттардың сіңірілуі және олардың веналық 
арнаға жеткізілуі; 
5)сірлі қуыстардағы сұйықтықтың сіңірілуі; 
6)қорғаныш қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет