кіретін жердің жапына ішастар қатары ( кейде болмайды ) lig phrenicolicnale созылып
жатады. Сонымен қатар соlоn transversum мен іштің латералды қабырғасы арасында
созылған ig phrenicocolicum бар , ол сол жақтағы XI кабырға аймағында өзінің алдыңғы
шетімен осы байламға тірелетін көкбауыр үшін калта түзеді .
Құрылымы . Сірлі кабыктардан баска көкбауырдың серпімді және бірыңғай салалы
бұлшыкет талшықтары бар меншікті дәнекер тінді қапшығы , tunica fibrosa , бар .
Қапшыктан ағзаның ішіне карай өсінділер ( трабекулалар ) түрінде созылып , көкбауырды
жеке бөліктерге бөлетін онын қаңқасын түзеді . Осы жерле трабекулалар арасында
көкбауыр ұлпасы , pulpa lienis . жатады . Ұлпаның түсі кошқыл - қызыл жаңа
алынған
кесінділе акшылдау түсті түйіршіктер , golliculi lymphatici lienalis, көрінеді . Олар
дөңгелек немесе сопақ пішінді , диаметрі 0,36 мм дей , артериялык тамырлардың
қабырғаларында жайғасқан лимфоидты түзілістер . Ұлпа торлы ( ретикулярлы ) тіннен
тұрады , отын шиырлары әртүрлі жасушалық элементермен , лимфоциттермен ,
лейкоциттермен , кебісі ыдырай бастаған пигмент түйіршіктері бар эритроциттермен
толған.
Достарыңызбен бөлісу: