1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет47/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

1.nodi lymphatici iliaci externi.Бұл сыртқы мықын артериясы жолымен өтетін сыртқы 
мықын лимфа түйіні. 
2.nodi lymphatici sacrales.Бұл негізінен орталық сегізкөз артерияның жолымен өтетін 
сегізкөз лимфа түйіндері болып табылады.. 
3. nodi lymphatici iliaci interni. Бұл ішкі мықын лимфа түйіндері. 
4. жалпы мықын лимфа түйіндері. 
Келесі ЖАМБАС АСТАУЫНЫҢ ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ 

жамбастағы лимфа тамырлар ішкі мықын және сегізкөз түйіндеріне қарай 
бағытталады. 
Несепқуықтың лимфа тамырлары.Бұл тимфа тамырлар лимфакапиллярлық тордан 
лимфаны жинайды. 
Еркек жыныс мүшесінің терең лимфа тамырлары. Бұл тамырлар nodi lymphatici sacrales 
және nodi lymphatici iliaci interni ге бағытталады,яғни сегізкөз және ішкі мықын лимфа 
түйіндеріне жетеді.
Атабез лимфа тамырлары. Бұл лимфа тамыры атабез паренхимасының лимфа өрімінің 
лимфакапиллярлық торынан басталып,ішкі шәует лимфа өрімін түзеді. 
Жатырдың лимфа тамырлары. Ол жатырдың қабаттарындағы лимфакапиллярлық тордан 
басталады.Жатыр түбіндегі және денесіндегі әкетуші тамырлары жатыр түтігі мен анабез 
лимфа тамырларымен қосылады.Сөйтіп ішкі анабез лимфа өрімін түзеді.Бұл өрім бел 
және бүйрек лимфа түйіндеріне келген кезде аяқталады. 
Жатыр түбі мен денесінің лимфа тамырлары.Бұл лимфа тамырлар мықын лимфа 
түйіндеріне қарай бағытталады. 
Қынаптың лимфа тамырлары ішкі және сыртқы мықын лимфа,сонымен қатар сегізкөз 
лимфа түйіндеріне бағытталады. 


Тік ішектің лимфа тамырлары шырышты негізге келіп өрім түзеді. 
Сыртқы өтіс лимфа тамырлары.Бұл лимф а тамырлар өз жолында шатаралық тамырмен 
қосылып,беткей шаптық лимфа түйіндерге қарай бағытталады. 
Ішкі мықын лимфа тамырлары мен түйіндері кіші жамбас астауы ағзаларынан жинайтын 
лимфа өрімін түзеді. Бұл өрім өз жолында лимфаны аяқтан ,жамбас астауынан жинап 
келіп,жалпы мықын лимфа өрімін түзеді.Осы өрім өз жолында бел лимфа өріміне 
қосылады. 
66.Аяқтың лимфа тамырлары мен түйіндері. 
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ. Жалпы аяқта 4 негізгі лимфа түйіндері кездеседі.Сонымен қатар 
бұл түйіндерден басқа кішкене лимфа түйіндері кездеседі.Олар топтасып аяқтың және 
лимфа тамырлары жолында жатады. 
1. nodi lymphatici inguinales superficiales бұл беткей шаптық лимфа түйіндер деп 
аталады.Орналасуы санның жалпақ шандырында. 
2. Терең шаптық лимфа түйіндер латынша nodi lymphatici inguinales profundi деп 
атаймыз.Санның жалпақ шандырының астында жатады. 
3.nodi lymphatici poplitei бұл бізде тақымдық лимфа түйіндер.Орналасуы тақым артериясы 
мен венасы айналасында. 
4. Алдыңғы асықты жіліктік лимфа түйіндерін латынша nodi lymphatici tibialis anteriores 
деп атаймыз. 
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ. Аяқтағы лимфа тамырларды біз беткей және терең деп бөлеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет