Кіреберіс нерв ядролары мыналар 1) медиалді немесе үшбұрышты ядро nucleus medialis 2)
жоғарғы ядро nucleus superior, 3) латералді ядро, nucleus lateralis, 4) төмендеген немесе
жұлындық ядро, nucleus descendens және 5) сыртқы ядро, nucleus externus.
81.Есту анализаторының өткізгіш жолы.
Есту анализаторының құрылысы.
Жарғақты лабринттіңсүйікте орналасқан бөлігі -
ұлу түтігі - ductuscochlearis – есту
мүшесінің ең маңызды бөлігі болып табылады.
Ductuscochlearis кіреберістің
recesuscochlearis-та ұлу мен sacculus-ті қосатын ductusreunions-тің артында тұйық шетімен
басталады. Содан кейін ductuscochlearis сүйекті ұлудың бүкіл иірмелі өзегімен өтіп, оның
ұшында тұйық аяқталады. Көлденең кесіндіде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді.Оның
үш қабырғасының біреуі ұлудың сүйекті өзегінің сыртқы қабырғасымен бітісіп өседі,
басқа қабырғасы - membranespiralis сүйекті иірімді табақшасының жалғасы болып, оның
бос жиегі мен сыртқы қабырға арасында созылып жатады. Үшінші, ұлу түтігінің өте жұқа
қабырғасы, pariesvestibularisductuscochlearisиірмелі табақшадан сыртқы қабырғаға қарай
қиғаш тартылған. Membranaspiralis ішінде жайғасқан базилярлы табақшада
(laminabasilaris) дыбыс қабылдаушы аппарат - иірмелі мүше орналасады.
Ductuscochlearis арқылы
scalavestibule мен
scalatympany бір-бірінен бөлінеді, олар тек ұлу
күмбезінде ғана -
helicotremaдеп аталатын тесік арқылы өзара жалғасады. Scalavestibuli
кіреберістің перилимфалық кеңістігімен қатысады, ал scalatympani ұлудың терезесі
жанында тұйық аяқталады. Иірмелі мүше - organonspirale - бүкіл ұлу түтігі бойында
базилярлы табақшада орналасып,оныңlaminaspinalisossca-ға ең жақын бөлігін алып
жатады. Базилярлы табақша домбыра ішегі сияқты керілген (дыбыс ішектері) ұзындығы
әр түрлі көптеген (24000) фиброзды талшықтардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: