1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет55/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

1.Nervus vestibulo cochlearis 8 жұп нерв,кіреберіс ұлу нерві. Бұл кіреберіс ұлу нерві 
сезімтал нерв болып келеді. 
Ядролары nuclei n.vestibulocochlearis, мидың бағаналық бөлігінде, көпірмен сопақша 
мидың арасында жатады. Ядролары Nuclei n.cochlearisdorsalis et ventralisжәне Nuclei n. 
vestibularislateralismedialis et superior. 
 Мидан көпірдің артында pedunculus cerrebellaris medius және олива арасынан 
шығады. 
 Ал бассүйек қуысынан porus acusticus internus тан шығады. 
Жалпы бұл нерв екі түбіршіктің бірігуінен түзіледі.Олар жоғарғы түбіршік, radix superior, 
немесе кіреберіс нерві, n. vestibularis; төменгі түбіршік, radix inferior, немесе ұлу нерві, 
n.cochlearis. Осы екі түбіршік бірігіп, кіреберіс-ұлу нервін түзеді. Талшықтары мыналар 

Перифириялық талшықтар ganglion spirale- ден басталады. 

Дорсалді ядрода калыптасатын талшықтар striae medullares соңында естудің 
қыртысты орталығына жетеді. 

Вентралді ядрода қалыптасатын талшықтар оливалар жасушаларында аяқталады. 
Кіреберіс ұлу нерві 2 pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерден тұрады. Кіреберіс 
бөлігі кіреберіс түйіннен ganglion vestibulareден басталады. 


Кіреберіс нерв ядролары мыналар 1) медиалді немесе үшбұрышты ядро nucleus medialis 2) 
жоғарғы ядро nucleus superior, 3) латералді ядро, nucleus lateralis, 4) төмендеген немесе 
жұлындық ядро, nucleus descendens және 5) сыртқы ядро, nucleus externus. 
81.Есту анализаторының өткізгіш жолы. 
Есту анализаторының құрылысы. 
Жарғақты лабринттіңсүйікте орналасқан бөлігі - ұлу түтігі - ductuscochlearis – есту 
мүшесінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Ductuscochlearis кіреберістің 
recesuscochlearis-та ұлу мен sacculus-ті қосатын ductusreunions-тің артында тұйық шетімен 
басталады. Содан кейін ductuscochlearis сүйекті ұлудың бүкіл иірмелі өзегімен өтіп, оның 
ұшында тұйық аяқталады. Көлденең кесіндіде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді.Оның 
үш қабырғасының біреуі ұлудың сүйекті өзегінің сыртқы қабырғасымен бітісіп өседі, 
басқа қабырғасы - membranespiralis сүйекті иірімді табақшасының жалғасы болып, оның 
бос жиегі мен сыртқы қабырға арасында созылып жатады. Үшінші, ұлу түтігінің өте жұқа 
қабырғасы, pariesvestibularisductuscochlearisиірмелі табақшадан сыртқы қабырғаға қарай 
қиғаш тартылған. Membranaspiralis ішінде жайғасқан базилярлы табақшада 
(laminabasilaris) дыбыс қабылдаушы аппарат - иірмелі мүше орналасады.
Ductuscochlearis арқылы scalavestibule мен scalatympany бір-бірінен бөлінеді, олар тек ұлу 
күмбезінде ғана - helicotremaдеп аталатын тесік арқылы өзара жалғасады. Scalavestibuli 
кіреберістің перилимфалық кеңістігімен қатысады, ал scalatympani ұлудың терезесі 
жанында тұйық аяқталады. Иірмелі мүше - organonspirale - бүкіл ұлу түтігі бойында 
базилярлы табақшада орналасып,оныңlaminaspinalisossca-ға ең жақын бөлігін алып 
жатады. Базилярлы табақша домбыра ішегі сияқты керілген (дыбыс ішектері) ұзындығы 
әр түрлі көптеген (24000) фиброзды талшықтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет