қуысынан дөңгелек тесік аркылы шығып, қанат-таңдай шұнкырына кіреді және сол жерде
негізгі тармактарға бөлінеді.
1.Көзұяасты нерві (n.infraorbitalis), сезімтал- жоғарғы жаксүйек нерв тармақтарының
ішіндегі ең ірісі және оның тікелей жалғасы болып саналады. Нерв қанат-таңдай
шұнкырынанкөзұя қуысына көзұяның төменгі саңылауы аркылыкіреді.Алдыменкөзұя
астындағы жүлгеде жатады,кейінкөзұя астындағы өзек арқылы өтіп, ит шұңқыры
аймағындағы беттің алдыңғы бетіне көзұя астындағы тесік арқылы шығып, тармақтарға
шашырайды,
а) Төменгі кабақ тармақтары, rr. раіpebralesinferiores, төменгі қабақ пен көз бұрышы
аймағы терілерін нервтендіреді.
б) Мұрындыктармактар (сырткы), rr. паsales, көптеген, мұрынның бүйір қабырғасы
терісін нервтендіреді.
в) Жоғарғы еріндік тармақтар, rr.labialessuperiores, жоғарғы ерін, иек және мүрын
қанаттарының шырышты кабықтарына және терілеріне бағытталады.
Көзұя астындағы нервтен жоғарғы жақсүйектің тістеріне келесі тармақтар кетеді:
а) Жоғарғы арткыұяшыктартармактары, rr.alveolaressuperioresposteriors, көзұя
астындағы нерв сабауынан екі-үш мөлшерінде басталып, аттас тесіктер аркылы төменгі
жақсүйек төмпесіне бағытталып, көп бөлігімен сүйек қалыңдығында орналасқан
өзектерге, жоғарғы жақсүйектің үш үлкен азу тістері түбіріне жакындайды.
Достарыңызбен бөлісу: