1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Үлкен тастык нерв, n.petrosus major



Pdf көрінісі
бет64/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119
1. Үлкен тастык нерв, n.petrosus major, ganglion geniculi-ден басталып, аралық нерв 
талшықтарынан құралады. Ол самай сүйек пирамидасынан hiatus canalis facialis 


арқылы шығып, аттас жүлгеде жатады және бассүйек қуысынан жыртық тесік 
аркылы өтіп,нерв сынатәрізді сүйектің қанаттық өзегі аркылы өтіп, канат-таңдай 
шұңкырында орналаскан ganglion pterygopalatinum-ға барады. 
2. Дабыл өрімімен байланыстыратын дәнекер тармақ, r.communicans cum plexu 
tympanico, ganglion geniculi-ден немесе үлкен тастық нервтен басталып, кіші 
тастық нервке, n.petrosus minor-га барады.
3. Үзеңгі нерві, п.stapedius, бет нервтің төмендеген бөлігінен басталатын жіңішке 
тармак, т.stapedius-ка барып, оны нервтендіреді.
4. Дабыл шегі, chorda tympani, аралық нервтің соңғы тармағы. Бет нервтің негізгі 
сабауынан біз-емізік тесігі тұсында тармақталып, дабыл шегінің өзекшесіне, 
canalicus chordae tympani, барады 
Тіл нервтің құрамында жүретін дабыл шегінің талшыктары бір бөлігімен төменгі 
жаксүйекасты және тіласты түйіндерге, ganglia submandibulare et sublinquale бір бөлігімен 
тіл аркашығының шырышты қабығына барады.Бет нерві самай сүйек пирамндасынан біз-
емізік тесік аркылы шыққан сон, шықшыт без қалыңдығына кірмес бұрын, келесі 
тармақтарды береді: 
1. Артқы немесе терең кұлак нерві,n.auricularis posterior, s. profundus, біз-емізік 
тесіктің астында басталып, артқа және жоғары бұрылып, сырткы құлак артында 
жүріп, екі тармаққа бөлінеді:1) алдыңғы, немесе кұлақтык тармак және 2) артқы 
немесе шүйделік, ramus posterior, s.occipitalis. Алдыңғы тармақ: m.auricularis 
posterior, m. auricularis superior, m. transversus auriculae, m. obliquus auriculae, m. 
antitragicus нервтендіреді. Артқы тармак m.occipitalis-mi нервтендіріп, . n 
auricularis magnus жэне n.occipitalis minor байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет