бетсүйектік, шаршы жоғарғы және төменгі еріндік, күлкі, иттік, ұрттык, күректістік,
ауыздык шеңберлі, үшбүрышты және мүрын бұлшықеттеріне.
Төменгі жақсүйектің жиектік тармағы, r. marginal is mandibulae, алға бағытталып,
төменгі жақсүйек жиегімен жүреді және т. depressor labii inferioris жэне m.mentalis-ті
нервтендіреді.
д) Мойындық тармак, ramus colli, екі-үш мөлшеріндегі сабаушалар, төменгі жаксүйек
бұрышының артымен жүріп,m.platysma-ға барып, оны нервтендіреді және мойын өрімінің
жоғарғы (сезімтал) тармағымен қосылатын бірнеше тармактар береді.
Аралық нерв, n.intermedius {pars intermedia n.facialis), аралас нерв, кұрамында орталыктан
тепкіш кимыл және орталыққа тартқыш сезімтал талшықтар бар. Аралык нерв ми негізіне
n.facialis бен бірге көрінеді, бет нерві мен п. vestibulocochlear iс арасында орналасып,
porus-ка, кейін meatus acusticus internus-ңа бағытталады. Осы жерде аралык нерв бет
нервтің кұрамына кіреді. Аралык нервтің қимыл (секреторлық) талшыктары жоғарғы
сілекей бөлетін ядродан, nucleus salivatorius superior, chorda tympani кұрамында төменгі
жақсүйекасты және тіласты түйіндеріне бағытталады, оларды секреторлық талшыктармен
қамтиды. Секреторлык талшықтардың кейбір бөлігі үлкен тастық нервтің, п.petrosus
major, қүрамына кіріп, ganglion pterygopalatinum арқылы көзжас безіне барады. Аралык
нервтің сезімтал талшыктары тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінің шырышты кабығынан
басталып, chorda tympani қүрамында ganglion geniculi-re барады. Бүл түйін
жасушаларының орталык өсінділері мидың бағаналык бөлігіне бағытталып, жеке жолдың
ядросында, nucleus tractus solitarii, аякталады.
Достарыңызбен бөлісу: